Атырау, 21 желтоқсан 22:16
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 336 просмотра

ХОККЕЙ


Еліміздің тұрақты чемпионатында облыстық «Бейбарыс» хоккей командасы Өскемен қаласында «Алтай-Торпедо» командасын екі рет жеңіп шықты.

Алғашқы матчта қорытынды есеп «мәмлүктер» пайдасына 2:1 болды. Бірінші шайбаны «Бейбарыс» командасында Егор Кутугин соқты, Альберт Вишняков екі ұпай жинады (гол + нәтижелі шайба беру). Екінші матчта екі кезеңнен кейін есеп 2:2 болды. «Бейбарыс» құрамында Вадим  Митряков пен Владимир Кочетков гол соқты. Ал шешуші шайба Иван Кучиннің еншісінде. Меймандар 3:2 есебімен жеңді.


ФУТБОЛ

«Атырау» футбол клубының ағымдағы маусымаралық алғашқы табысы - серб ойыншысы Дарко Бьедов болды.

29 жастағы Дарко – танымал «Црвена Звезда» клубының шәкірті, «Войводина», «Рад», «Явор Иваница» серб клубтары, сондай-ақ, бельгиялық «Гент» және черногориялық «Зету» клубтары үшін ойнады.


БАСКЕТБОЛ

«Атырау» командасы 2005-06 жылғы жасөспірімдер арасында ҚР Қысқы чемпионатының жеңімпазы атанды.

Щучинскіде 9 команданың қатысуымен чемпионат өтті. Атырау барлық 8 матчты жеңіске жетіп, алтын алқа иеленді. «Атырау» ойыншысы, №16 мектеп оқушысы Мақсот Темірлан турнирдің үздік ойыншысы деп танылды. Команданы бапкер Амантай Торғаев дайындады.


ВОЛЕЙБОЛ

Петропавлда ҚР Ұлттық лигасының ерлер командасы арасында ел чемпионатының екінші туры аяқталды.

Жексенбіде алаңда чемпионат көшбасшылары – «Атырау» мен «Тараз» командалары кездесті. Матч алдында бәсекелестерді бар болғаны бір ұпай бөліп тұрды. Ауыр, тартысты сайыста ҚР чемпионы – «Атырау» командасы 3:2 есебімен басым түсті. Тур қорытындысы бойынша турнир кестесінде үшінші орынға хромтаулық «ТНК Казхром» командасы жайғасты.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қаңтар 2019, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.