Атырау, 22 қараша 20:07
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Үш бидей әділ болсын деп...

Бейнежазба
5 947 просмотра


Атырау облыстық соты ғимаратының алдында қазақтың атақты билері Төле, Қазыбек, Әйтекеге арналған ескерткіш ашылды. Мүсіндік композиция облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық соттың 80 жылдық мерейтойына арналған.

 - Әділдіктің символына арналған билер ескерткішінің бұл жерге қойылуы тегіннен-тегін емес. Осы жерде қабылданатын шешімдердің бәрі тура, әділ болсын деген ниетпен ұйымдастырылды, - деп атап өтті ашылу салтанатында Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік ШӘПКЕНОВ.

Ескерткіш қоладан құйылып, мәрмәр тасқа орнатылған. Биіктігі 3,6 метр. Авторы - белгілі суретші-мүсінші, Атырау тұрғындарына Ретро парктегі «Досмұқасан» ансамблі композициялық мүсінінің авторы ретінде таныс Бақытбек МҰХАМЕДЖАНОВ. Ескерткішті жасауға жергілікті бюджеттен 108 млн теңге қаржы бөлінген.

"АЖ" анықтамасы: Аумалы-төкпелі, алмағайып замандарды бастан кешкен халқымыздың өзіндік басқару жүйесі де болған: ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жағдайын ойлаған шешендері, әділдіктің ақ туын түсірмеген білімпаз билері өткен. Билер халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы болған. Бұл тұлғаның ерекшелігі сонда, биді байлық та, барлық та жасай алмаған. Би тұғырына топты жарып, таразы басын тең ұстап, әділдікті сақтап, қара қылды қақ жарып айтатын парасатты адамдар көтерілген. Биге табиғи дарын, текті ақыл, алыстан көріп, барлай алатын, оны зерделей білген дана, сөздің «майын» ағызатын дүлдүл шешендер жатқан. Міне, осы би ұғымының мәнін ашатын «Түгел сөздің түбі – бір, Түп атасы – Майқы би» деген сөз тарихта қалған.



Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

21 қаңтар 2019, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.