Атырау, 4 ақпан 23:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Оқиға

Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Полицияға Атыраудың 43 жастағы тұрғыны шағымданды: 16 қаңтарға қараған түні ол Досмұхамедов көшесіндегі өз үйінің асүйінен бейтаныс адамды көреді. Ол адам сынған терезе арқылы секіріп, қашып кеткен. Ұрының ғимаратқа асүй терезесін сындырып кіргені анықталды. Полиция арсызды ұстады. Ол Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу жүргізілуде. 19 қаңтар 2017, 00:00 3 631 рет қаралды
​Атырауда ұйымдасқан қылмыстық топ жезөкшелерден қорқытып ақша алып отырған Оқиға

​Атырауда ұйымдасқан қылмыстық топ жезөкшелерден қорқытып ақша алып отырған

Атырау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында үш адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Оларға қылмыстық топ құруды ұйымдастырды, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұстады, адамдарды қорқытып, бас бостандығынан заңсыз айырды деген айыптар тағылды. Жауапкершілікке тартылушылардың бірі әйел адам. 14 қаңтар 2017, 13:56 3 856 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Өткен жылдың соңғы күнінде сағат 21.30-да Атырау тұрғыны М. жаңа жылды бірге тойлау үшін өзінің ескі танысына келеді. Бірақ мереке қайғылы аяқталады: отырыс барысында ер адамдар керісіп, қонағы қожайынды аяусыз соққыға жығады. Алынған зақым салдарынан үйдің иесі көз жұмды. №2 қалалық соты күдіктіні 2 айға қамауға алуға санкция берді. 12 қаңтар 2017, 00:00 2 800 рет қаралды
​Индерлік жүкті әйел неден көз жұмды? Оқиға

​Индерлік жүкті әйел неден көз жұмды?

9 қаңтарда арнайы комиссия Индер ауданындағы 32 жастағы босанушы әйелдің өлу себебін анықтау жұмыстарын бастады. Туыстары облыстық перинаталдық орталықтың медиктерін оны қабылдамады, содан кейін қалалық перзентханаға апарған соң сол жерде оның жатыры жыртылып, көз жұмды деп айыптайды. 11 қаңтар 2017, 12:01 9 833 рет қаралды
​Комиссия 32 жастағы босанушы әйелдің және шетінеген баласының өлімі себебін анықтауда Оқиға

​Комиссия 32 жастағы босанушы әйелдің және шетінеген баласының өлімі себебін анықтауда

9 қаңтарда Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы басшылық еткен арнайы комиссия Индер ауданына барып, 32 жастағы босанушы әйел мен оның сәбиінің өлу себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. 10 қаңтар 2017, 10:59 4 507 рет қаралды
Қызыл балық болсын, басқа болсын, бұл - бәрібір пара Оқиға

Қызыл балық болсын, басқа болсын, бұл - бәрібір пара

Атырау қалалық №2 соты Атырау қаласының тұрғынына қатысты пара бергені үшін үкім шығарды. Бұл Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВАНЫҢ ісімен байланысты, оған бұрынырақ пара алғаны үшін 5,6 миллион теңге көлеміндегі айыппұл түрінде жаза тағайындалған болатын («Рзағұловаға айыппұл жазасын берді»). 9 қаңтар 2017, 11:19 3 638 рет қаралды
​«Қазақавтожол» ісі: Жергілікті басшы кепілдікпен босатылды Оқиға

​«Қазақавтожол» ісі: Жергілікті басшы кепілдікпен босатылды

Бүгін, 5 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросынан «Қазақавтожол» РМК Атырау филиалының директоры Сейітжан МОЛДАШЕВТЫҢ тағдыры туралы сауалымызға жауап келді. Естеріңізге салсақ, «Қазақавтожол» облыстық филиалдарының барлық басшылары ҚР Есеп комитетінің екі аудиторы үшін пара жинады деген Ұлттық бюроның баспасөз хабарламасы жарияланғаннан кейін «АЖ» оны жұмыстан таба алмаған еді. 5 қаңтар 2017, 21:08 3 296 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Желтоқсанның 24-іне қараған түні Өркен ықшамауданында жол полицейлері шамдары жағулы келе жатқан «Лада» көлігін ұстады. 37 жастағы жүргізуші ішімдіктен масайған күйде екен. Ол 2014 жылы 5 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған. 29 желтоқсан 2016, 00:00 2 784 рет қаралды
«ІІБ-9» ісі: Барлығына үкім шықты Оқиға

«ІІБ-9» ісі: Барлығына үкім шықты

Бүгін, 28 желтоқсанда Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Дәуренбек ДАУМОВ Атырау қалалық ІІБ-нің тоғыз полицейіне қатысты атышулы істің қалған 4 фигурантына шығарылған үкімді оқыды. Естеріңізге салсақ, қалған 5 сотталушыға шығарылған үкім кеше, 27 желтоқсанда жария етілген болатын. 28 желтоқсан 2016, 19:13 4 156 рет қаралды
«ІІД-9» ісі: Ұрлады, ішті, босатылды Оқиға

«ІІД-9» ісі: Ұрлады, ішті, босатылды

Атырау қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 9 полицейге қатысты процесс жалғасуда. Ол ашық режимде өтіп жатыр, алайда қорғау тарапының талабымен суретке және бейнежазбаға түсіруге тыйым салынды. 9 желтоқсан 2016, 21:44 3 856 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Полицияға 40 жастағы Балық-шы тұрғыны шағымданды: 4 желтоқсанға қараған түні Әуезов көшесіндегі кафелердің бірінде үстелден оның сөмкесін ұрлап кеткен. 30 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу жүргізілуде. 8 желтоқсан 2016, 00:00 3 135 рет қаралды
​«ІІБ-9» ісі: «Басшылық Өтеуовті үлгі ететін» Оқиға

​«ІІБ-9» ісі: «Басшылық Өтеуовті үлгі ететін»

5 және 6 желтоқсанда Манарбек ӨТЕУОВТІҢ «әшкере» хатынан кейін қылмыстық істер қозғалған Атырау қалалық ІІБ-нің 9 полицейіне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Олардың барлығы үйқамақта отыр. Сурет 7 желтоқсан 2016, 11:12 3 921 рет қаралды
​Исатай әкімдігіндегі пара туралы іс және тергеу құпиялары Оқиға

​Исатай әкімдігіндегі пара туралы іс және тергеу құпиялары

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Исатай аудандық әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК-нің 366-бабына («Пара алу») қатысты қозғалған қылмыстық іс тіркелді. 6 желтоқсан 2016, 11:25 3 264 рет қаралды
«ІІД-9» ісі: Бас куәгерді тергеу абақтысында жоқ қыла ма? Оқиға

«ІІД-9» ісі: Бас куәгерді тергеу абақтысында жоқ қыла ма?

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы әріптестері Манарбек ӨТЕУОВТІҢ «әшкере» хатынан кейін қылмыстық іс қозғалған 9 полицейге қатысты процесс жалғасуда. 2 желтоқсан 2016, 15:22 4 684 рет қаралды
Әлеуметтік желідегі сурет үшін әйелін өлтіре жаздады Оқиға

Әлеуметтік желідегі сурет үшін әйелін өлтіре жаздады

Атырау қаласы прокурорының орынбасары Айбек ҚАНАТБЕКОВТЫҢ айтуынша, осы жылдың мамыр айында Атырау қаласының К. есімді азаматы әйелінің VKontakte әлеуметтік желісіндегі парақшасынан бейтаныс ер адамның жанында тұрған суретін көріп қалады. Мәселенің байыбына бармастан, қызғанышпен әйелін соққыға жығып, асхана пышағымен ауыр дәрежеде дене жарақатын салады. 25 қараша 2016, 14:42 2 485 рет қаралды