Атырау, 27 сәуір 19:05
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Шекарашылар күміс жүгін тоқтатты

Сурет
3 129 просмотра


Дағыстанның 34 жастағы тұрғыны Қазақстаннан Ресейге 26 келіден астам күмісті заңсыз алып шығуға тырысқан.

«Құрманғазы-авто» шекаралық бақылау бөлімшесінің бастығы Ермек ЖЕКСЕМБИЕВ хабарлағандай, 8 желтоқсанда Атырау-Астрахань бағытында кетіп бара жатқан «Тойота» көлігін тексеру кезінде шекара жасағы РФ Дағыстан Республикасында тіркелген Ренат Гаруновтан cалмағы 26 келі 785 грамм тартатын 68 қасық, 66 крест, 33 білезік, 10 алқа, 236 сақина, сақина жасауға арналған 11 мөртабан, ендірмелері бар күміс бұйымдар, 1 тигель, 175 пломба тапты. Егер ресейлікте бұл жүктерге ілеспе құжаттары болса, қылмыс болып есептелмес еді. Бірақ оның құжаттары болмай шықты.

Ұсталушы азамат тәркіленген бұйымдармен бірге Құрманғазы аудандық ІІБ-не табысталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті ұсынған Е.Жексембиев

9 желтоқсан 2016, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.