Атырау, 30 мамыр 19:21
 дождьВ Атырау +22.1
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Біреулер маньяк-педофилді полициясыз іздестіруде

2 909 рет қаралды

Image 0

Соңғы күндері WhatsApp арқылы таралып жатқан маньякты іздестіру туралы бағдар жалған болып шықты.

- Әлдебір маньяктың балаларды ұрлауға қатысты әрекеті туралы ақпарат шындыққа сай келмейді, атап айтқанда, біздің облысымызға еш қатысы жоқ. Алаңдауға еш себеп жоқ, - деп сендірді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА ҚР ІІМ өкілінің комментарийіне сілтеме жасап. – ІІМ-де мұның ескі ақпарат екенін хабарлады. Оны 2014 жылы тексеруден өткізген. ІІМ-де ресми түрде ел аумағында жалғаспалы қылмысқа ілігетін кәмелетке толмағандарға қатысты ашылмаған қылмыстардың тіркелмегенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта ақпарат тарату дереккөзін анықтау шаралары алынуда.

ІІМ-де сонымен қатар ел заңнамасы бойынша көрінеу жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік болатыны туралы еске салды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

10 желтоқсан 2016, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.