Атырау, 24 желтоқсан 22:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Басқа жаңалықтар

Зәуреш Батталова: БҰҰ сарапшылары Жаңаөзенге әлі келген жоқ Басқа жаңалықтар

Зәуреш Батталова: БҰҰ сарапшылары Жаңаөзенге әлі келген жоқ

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласына барып қайтқан тәуелсіз комиссия мүшесі, оппозицияшыл саясаткер Зәуреш Батталова ұсталған және қамалған адамдардың туысқандарымен тілдесе алмайтындарын айтты. 9 қаңтар 2012, 22:43 3 136 рет қаралды
2011 жылы «Ақ Жайық» не туралы жазды? Басқа жаңалықтар

2011 жылы «Ақ Жайық» не туралы жазды?

ҚАҢТАР.Белгісіз біреулер Атыраудағы және Махамбет ауданындағы 30 шақты мұсылмандар зиратын қорлады. Бір аптадан кейін қылмыскерлер ұсталды. Олардың барлығы толыққанды дұрыс отбасынан шыққан жастар. Жергілікті үкіметтік емес ұйым өкілдері мұнай төгіндісіне әрекет ету базасы жобасы бойынша қоғамдық экологиялық сараптама жүргізді. Экологтардың пікірінше, базаны «Ақжайық» қорығының жанындағы ерекше қорғалатын табиғи аумаққа салу Қазақстанның экологиялық заңнамасының бірден 20 тармағын бұзу боп табылады. 5 қаңтар 2012, 17:45 3 690 рет қаралды
“АЖ”-ның акциясы: О, алақай, Аяз Атай! Басқа жаңалықтар

“АЖ”-ның акциясы: О, алақай, Аяз Атай!

Біз дәстүрге айналған акциямызды жалғастырамыз. Әрқайсыңыз өмірдің тауқыметін тартып, жүздерін мұң шалған балалар үшін мейірімді сиқыршы бола аласыз. Балалардың жүзіне күлкі үйіріп, олардың өміріне сәл де болса шуақ сыйлағаннан артық не болуы мүмкін? Жаңа жылда олардың ата-аналары шырша түбіне қандай сыйлық қойсақ екен деп, олардан сұрай қоюы екіталай. Әр баланың көкейінде сақталған арманы айтылмаған күйінде қалуы мүмкін. Сондықтан, өзімізді Аяз Атаның елшісі деп таныстырған біз Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып, олардан Жаңа жылда қандай сыйлық алуды армандайтындарын сұраған едік. 23 желтоқсанда Бейімдеу орталығында жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырылады. Біз сол күні Аяз Атаның сыйлықтарын балаларға тапсыруды жоспарлап отырмыз. 8 желтоқсан 2011, 17:35 6 650 рет қаралды
Атырауда той жасағанша, үй салып ал Басқа жаңалықтар

Атырауда той жасағанша, үй салып ал

Бәріміз қазақ аталып, бір мемлекетте тұрғанымыз бен әр өңірдің салты әр басқа. Соның ішінде барын шашып, жоқ болса қарызға батып той жасайтын қазекемдердің арасында  Атырау алдыңғы орында тұр десем жерлестер менімен таласпас. Атырауға  шақырудан ең кербез деген әртістеріңіз де бас тартпайды. Ендеше атыраулық тойлардың бір өлшемі оған шақырылған әншілердің рейтингімен де байланысты. Сонымен ретімен баяндалық. 30 қараша 2011, 19:06 32 566 рет қаралды
Даланың Джокондасы Басқа жаңалықтар

Даланың Джокондасы

Индер ауданы «Есбол» ЖШС-нің малын бағып, малшы үйінің ажарын кіргізіп отырған Монализа ЕЛЕМЕСОВА деген  әйел бар. Ол әйгілі Леонардо Да Винчидің жұмбақ жымисты Мона Лизасындай болмағанымен, даланың қатал  тірлігін шырқ үйіре білген адам. 16 қараша 2011, 19:00 3 557 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Мұнархан қажы АЛИМОВ: «Кішіпейілділік, ұялшақтық секілді көркем мінезде болыңыз»

Қ.Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Мұнархан қажы Алимов аталмыш мешіт жамағаттарынан түскен қажылыққа қатысты бірқатар сұрақтарға жауап береді. 29 қыркүйек 2011, 16:04 4 121 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Жылудың бастығы уәде береді

«Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Жанұзақ ӘБІЛҒАПАРОВТЫҢ айтуынша, алдағы жылыту маусымында Авангард, Сары Арқа және Абай алаңдары ықшам аудандары орналасқан қаланың оң жақ жағалау бөлігінде жылу тапшылығы болмайды.  22 қыркүйек 2011, 19:45 2 144 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Бір сыныпта қанша бала оқуы керек?

2005 жылғы бала туу қарқыны  биыл атыраулықтар үшін сынып жетіспеушілігімен көрініс тапты.  Мәселен, №22 мектепте бір сыныпта 40-қа жуық бала оқып жатыр. Сөз жоқ, жағымды жаңалық, тек  орын жетпегені ғана болмаса. 22 қыркүйек 2011, 16:02 11 637 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

«Аджип ККО» компаниясы аз қамтылған отбасылардың 100 баласын Алматы облысындағы «Сары арқа» жазғы лагеріне демалуға жіберді.Балаларға массаж жасаушы, физиотерапевт, стоматолог пен тәулік бойына педиатр дәрігер қызмет көрсетеді. Балалар Алматыны аралап, Медеу мұз айдынын, жануарлар бағын, мәдениет пен демалыс бақтарын, циркті тамашалайтын болады. 28 шілде 2011, 00:27 2 551 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Су сорабын орнатуға да рұқсат керек

Бірнеше жылдан бері көктемгі-жазғы маусымда жеке сектордағытұрғындар су қысымының жоқтығына қатысты проблеманы өздері сорап орнату арқылы шешіп келеді. Олар өз еріктерімен қосып алғандықтан, бұл «Атырау Су Арнасы» КМК мен абоненттер арасындағы онсыз да қиын қарым-қатынасты шиеленістіріп жіберді. 2 маусым 2011, 17:23 3 088 рет қаралды
Мешіт, автомат және героин  немесе Шариполланы не үшін отырғызған? Басқа жаңалықтар

Мешіт, автомат және героин немесе Шариполланы не үшін отырғызған?

Кеше қалалық сотта кәсіпкер Шариполла Сайфуллинге үкім оқылды. («АЖ» №7, 17.02.11 жыл - «Облыс прокуроры Б.Сматлаев: «Шарифолла Сайфуллин есірткі және қару-жарақпен қолға түсті» және «АЖ» №8, 24.02.11 жыл – ««Біз білетін Шариполла бұл емес»). Сот есірткі мен қару сақтағаны үшін оны төрт жылға жалпы режимдегі түзеу колониясында  бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Адвокаттар сот шешіміне шағымданатындарын айтады. 20 сәуір 2011, 22:17 5 249 рет қаралды
Бөрі жоқ деме Басқа жаңалықтар

Бөрі жоқ деме

Дүйсенбі күні сағат түнгі он екінің шамасында Ақжар ауылының тұрғындары бес қасқырды атып алды. Қаладан бар болғаны он шақырым жерде қашықтықтағы ауылда түз тағысының үйірімен жүруі бұрын-соңды болмаған жағдай. Бұрын бір-екеуін ғана көздері шалатын аңшылар жанұялары мен жанбағыс етіп отырған мал-жаны үшін шын қауіптеніп отырғандарын жасырмайды. 10 ақпан 2011, 00:00 13 788 рет қаралды
Ит ату да бір кәсіп Басқа жаңалықтар

Ит ату да бір кәсіп

Дәл қасымнан құлақ тұндырар оқ атылған кезде жүрегім  зырқ ете түсті. Ағаш бастарында қонақтап отырған құстар дүр етіп ұшып кетті. Оқ атылған кезде қыңсылаған дыбыс қатар шыққан еді. Ғимараттың бұрышынан айналып барып, жерде жарақатын ауырсына дәрменсіз қимылдап жатқан сарғыш жүнді итті көрдім. Сұмдық көрініс еді. Мен көзімді тарс жұмып алған едім. «Көзіңізді ашыңыз, ит өліп қалды, - деді бес секундтай уақыт өткеннен кейін аңшылардың бірі. – Сәлеметсіз бе! Мен – Юриймін. Юрий Ким». 19 қаңтар 2011, 00:00 11 244 рет қаралды