Атырау, 23 қараша 12:46
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жылудың бастығы уәде береді

2 022 просмотра

«Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Жанұзақ ӘБІЛҒАПАРОВТЫҢ айтуынша, алдағы жылыту маусымында Авангард, Сары Арқа және Абай алаңдары ықшам аудандары орналасқан қаланың оң жақ жағалау бөлігінде жылу тапшылығы болмайды. 

«Жылытатын тұрба құбырларының өткізу қабілетін арттыру үшін орталық көлік көпірінің ішіне диаметрі 400 миллиметр болатын қосымша екі тұрба салу қажет. Бұл ЖЭО жылу өткізгіштігін көбейтіп, жаңа нысандарға жылу жүйесін қосу мүмкіндігін береді. 2012-2014 жылдары біз бұл проблеманы кезеңмен шешетін боламыз. Жұмыстар біздің кәсіпорынның қаржысы есебінен жүргізілетін болады», - деп хабарлады бас жылу қызметкері.

Қыс қатал болған және жылу жетіспеген жағдайда Жерұйық ықшамауданында орналасқан фин қазандығы іске қосыла ма деген сұраққа, Ж.Әбілғапаров «120 Мегаватт» қазандығының сынақтан өткендігін және жылу беруге дайын екендігін айтты.

«АТС» АҚ диспетчерлік қызметінің мәліметтері бойынша, бүгінде жылуды қабылдауға ЖЭО-ның жылу жүйесіне қосылған қаладағы 787 үйдің 767-сі дайын, жылыту тұрба құбырларының 93,3 пайызы ауыстырылып, жылу қосындарының 93,5 пайызы жөнделген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

22 қыркүйек 2011, 19:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.