Атырау, 10 желтоқсан 23:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Киста ма әлде қатерлі ісік пе?

13 907 просмотра

Облысымыздағы медициналық қызмет көрсету сапасы – таусылмайтын тақырып. Әр адамның жеке басында ақ халатты жандарға қатысты әйтеуір бір «хикаясы» болады.

СЕН – МАҒАН, МЕН – САҒАН

Редакцияға толқығандықтан және ренжігендіктен даусы дірілідей шыққан қыз бала қоңырау шалды:

– Сәбидің туған кезде ұмасының сол жақ ұрық безі болмады (диагнозы: сол жақ крипторхизм). Алайда Балықшыдағы емхана дәрігерлері бір ауыздан 13 жасқа қарай бәрі қалпына келеді деп сендірді. Бала мектепке барып, бүкіл дәрігерден өтіп шықты. Олар да бір ауыздан уақыт өте келе ұрық безі қалпына келеді деп мәлімдеді. Тіпті сүндетке отырғызған дәрігер де бұл кемістіктің өзінен-өзі жойылатындығына сендірген еді.

2011 жылдың наурызында мектепте медициналық тексеруден өткізіп, ініме біздің аудандық емхананың хирургына баруға жолдама берді. Оны дәрігер Айнұр МАХАШОВА қабылдаған еді. Ол бұл проблеманың салмақты екендігін, сәби кезде емделуі тиіс екендігін бірден айтты. Оқу жылы болатын, сондықтан емін жазғы демалысқа қалдырған едік. Жазда №4 емхананың дәрігері оқуға кетіп қалғандықтан көріне алмадық. Содан соң біз Алмагүл ықшам ауданындағы балалар емханасының хирургына бардық. Ол бізді бірден УЗИ-ге жіберді. Ондағылар ұрық безі орнында екенін, тек оны түсіріп жіберу ғана қалып тұрғанын анықтады. Біз қайтадан хирургқа бардық, ол бізді енді эндокринологқа жіберді. Ал ол қарап шыққан соң, облыстық балалар ауруханасының хирургына жолдады. Хирург болса тез арада анализ тапсырып, бірден қорытындыларын алып қайта келуді тапсырды. №4 емхананың педиатры бізге барлық қажетті бағыттарды жазып берді. 7 шілдеде стоматологиялық емханадан да тексеруден (тіс санациясынан) өттік. Яғни, операцияға толық дайындық циклінен өткен едік.

12 шілдеде мен сол педиатрға анализдерді алуға келдім. Ал ол балалар ауруханасы енді операцияға қабылдамайтынын айтып, «бүкіл анализдерге рұқсатты сендерге кім берген?!» деді. 3 шілдеде-ақ облыстық балалар ауруханасының биылғы жылы ешкімге де операция жасамайтыны белгілі болыпты. Бүкіл берілген операция көлемі сарқылған екен. Жоспарлы операциялар аяқталыпты. Енді не істейміз, келесі жылды күтеміз бе?!

Мен осы монологты облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен №4 емханаға жолдаған едім. Оның басшылығы сауалға жауап бермеді. Оның орнына емхана басшылығы хаттың авторын шұғыл іздеуге кірісіп, проблемаға зер салып, жеке бақылауға алған. Содан соң жоғарғы инстанцияға – «қызметтік тексеру жүргізілді, кадрлардың тапшылығы салдарынан учаскеде тұрақты учаскелік дәрігер болған жоқ» деп сырғытпа жауап берген. Естеріңізге салайын, баланың жасы 11-де. Осы жылдар бойына учаскеде учаскелік дәрігер болмағаны сұмдық жағдай ғой.

Дегенмен, бас дәрігердің «жеке бақылауға» алуы бос сөз емес. Балаға операцияның жаңа уақыты тағайындалған («сарқылған» лимиттен орын табылыпты).

БАСҚАРМА ЖАУАБЫ

Оқырман сипаттаған ахуалды тақырыпқа сай келетін бірнеше сұрақтармен толықтырдым.

– Жоспарлы операцияға берілетін лимит қалай жасалады? Оқырманға әрі қарай не істеу керек және жалпы лимит санына ене алмай қалған пациенттердің жағдайы қалай болады? Ең басты сұрақ – сипатталған ахуал бойынша медиктердің жіберген олқылықтары қаншалықты салмақты?

Жауаптан қаз-қалпында үзінді келтірейін: «Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі әр облысқа стационардағы науқастарды емдеуге тиесілі шектеулі көлем лимитін бөледі. Шектеулі көлем соңғы 3 жылда нақты көрсетілген стационарлық көмек көлемінің статистикалық мәліметтерін талдау негізінде анықталады.

Жоспарлы емдеуге диспансерлік есепте тұрған және стационарлық көмекке мұқтаж науқастар жіберіледі.

2000-шы жылы туылған М. есімді бала облыстық балалар ауруханасына 2011 жылдың 25 шілдесінде жатқызылатын болады. Сырқаттың салдары туралы айту ертерек, мұны операциядан кейінгі бақылау жұмыстары көрсетеді».

Басты сұрақтың жауабын жеке ұсынайын:

«Қалалық №4 емхана әкімшілігі сіздің жазбаша арызыңыздың негізінде қызметтік тексеру жүргізді. Кадрлардың тапшылығы салдарынан учаскеде тұрақты учаскелік дәрігер болмаған». Мұны: жауапты адамдар болмаған және жоқ деп түсінген жөн. Кейбір «ерекше тапшы» кадрлар өздерінің маңыздылығы мен өте бағалы екендігін әлдеқашан сезініп, өздерін шоу-бизнестің жұлдыздары секілді ұстайды. Қаласам – қараймын да, ауруыңды табамын, қалмасам – ештеңе де көрмеймін, тіпті бұл үшін жауап та бермеймін, ал тіпті болмаса, кабинеттен қуып шығамын дегендей қылықтар жасайды. Ал бұл мүлдем басқа хикая. Ал жалпы ауыстыруға болмайтын, таптырмайтын қызметкер болмайды.

БІЛІКСІЗДІК ЖҰҚПАЛЫ АУРУ СЕКІЛДІ

Екі мәрте инсульт алған егде тартқан әйелге дәрігер қайта-қайта мүгедектік тағайындаудан бас тартқан. Алайда бұл оқиғаның сұмдығы дәрігердің бір нәрсені басын ашып айтпай отырғандығында. Әйелдің басындағы жағдайға қатысты дәрігерлік біліксіздік бір-біріне жұққан вирустық сырқатқа айналған секілді.

Қысқаша былай: бірі әйелді тубдиспансерге жіберген, ол жердегілер онкологияға жол көрсеткен. Ал онкологиядағылар тез арада операция жасау керектігін, әйелдің қатерлі ісікке шалдыққанын айтқан. Әйел өз өмірін бұл адамдарға сеніп тапсырудан бас тартып, Астраханға кеткен. Осылай дұрыс жасапты. Ондағы дәрігерлер кистаны қатерлі ісік деп тапқан осы жақтағы әріптестеріне тағы да қайран қалысыпты.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

28 шілде 2011, 01:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.