Атырау, 26 желтоқсан 18:17
 ашықВ Атырау -4
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қысқа қайырғанда

2 318 просмотра

«Аджип ККО» компаниясы аз қамтылған отбасылардың 100 баласын Алматы облысындағы «Сары арқа» жазғы лагеріне демалуға жіберді.Балаларға массаж жасаушы, физиотерапевт, стоматолог пен тәулік бойына педиатр дәрігер қызмет көрсетеді. Балалар Алматыны аралап, Медеу мұз айдынын, жануарлар бағын, мәдениет пен демалыс бақтарын, циркті тамашалайтын болады.

 

* * *

Шілденің 20 жұлдызында «Жылыойгаз» ЖШС-нің үш қызметкері газ құбыры желісінде жұмыс жасап жүрген кездерінде жапа шеккен. Ескі жұмыс жасамай тұрған желіні тұмшалау кезінде газ конденсатының қалдығы сыртқа атылған, - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы Самал АБИРОВА. ІІІ-дәрежелі күйік алған жапа шегушілердің беттері мен мойындары көбірек күйген. Олар хирургиялық бөлімге орналастырылған. Газбен қамту жүйелерінде газдың берілуі бойынша бұзылыстар жоқ.

 

* * *

Полиция қызметкерлері ірімөлшердегі ұрлыққа қатысты күдіктілерді ұстады. ІІД баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, оңтүстіктен келген төртеу банктен 4 млн. теңге алған ЖШС-лердің бірінің директорын тонаған. Ол ақшаны алған соң оны көлік салонында қалдырып кеткен. Сол жерден оны қаскүнемдер ұрлап алған екен. Тонаушыларды көлікпен Батыс Қазақстан облысының шекарасында ұстаған. Ұрланған ақшалар алынды.

 

* * *

Бейсенбі күні 21 шілдеде Денешынықтыру-сауықтыру кешенінің маңында 27 жастағы ер адам суға кетті.Жігіттің денесін судан құтқару қызметінің қызметкерлері тапты.

 

* * *

Полиция қызметкерлері «Жұмыссыз отырма» деп аталатын акция өткізді.Оның мақсаты – жазғы каникул кезінде оқушылар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу. Қаланың ойын-сауық орындарында еңбек заңнамасын бұзып, жұмыс жасап жатқан 14 бала анықталды. Жұмыс берушілерге қатысты материалдар еңбек және әлеуметтік қорғау департаментіне тиісті шараларды алу үшін жолданды.

 

* * *

Жылыой ауданында арнайы лицензиясыз, 2 млн. теңгеден астам пайда тапқан санитарлық-гигиеналық және эпидемиологияға қарсы медициналық қызмет көрсетумен айналысқан кәсіпкер сотталды.Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оған 700 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза берілген.

 

* * *

Декларацияға 2009-10 жылдардағы кірістер мен шығыстар туралы жалған мәліметтер енгізген қалалық кәсіпкер 26 млн. теңге сомада бюджетке салықтар мен басқа да төлемдерді төлеуден қашқан.Тағы бір бизнесмен 57 млн. теңге сомада төлем төлеуден осылайша жалтарған. Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, екі кәсіпкерге де 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

28 шілде 2011, 00:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.