Атырау, 24 желтоқсан 06:52
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

“АЖ”-ның акциясы: О, алақай, Аяз Атай!

6 390 просмотра

Біз дәстүрге айналған акциямызды жалғастырамыз. Әрқайсыңыз өмірдің тауқыметін тартып, жүздерін мұң шалған балалар үшін мейірімді сиқыршы бола аласыз. Балалардың жүзіне күлкі үйіріп, олардың өміріне сәл де болса шуақ сыйлағаннан артық не болуы мүмкін? Жаңа жылда олардың ата-аналары шырша түбіне қандай сыйлық қойсақ екен деп, олардан сұрай қоюы екіталай. Әр баланың көкейінде сақталған арманы айтылмаған күйінде қалуы мүмкін. Сондықтан, өзімізді Аяз Атаның елшісі деп таныстырған біз Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болып, олардан Жаңа жылда қандай сыйлық алуды армандайтындарын сұраған едік. 23 желтоқсанда Бейімдеу орталығында жаңа жылдық ертеңгілік ұйымдастырылады. Біз сол күні Аяз Атаның сыйлықтарын балаларға тапсыруды жоспарлап отырмыз.

 

ОЛАР НЕНІ АРМАНДАЙДЫ?

Аслан Хасанов, 4 жас:

– Аяз Атаға Джедайдыкіндей жалт-жұлт еткен семсер мен басқару тетігі бар машина алғым келетінін айтыңызшы.

Асылбек Хасанов, 8 жас:

– Трансформер мен тағы бір нәрселер… мүмкін, киндер-сюрприз болса?

Нұрмұхамед Микеев, 7 жас:

– Аяз Ата, сенің бар екендігіңді және өте мейірімді екеніңді білемін. Мені дәрігер қылшы. Сосын маған машина сыйлауыңа болады. Рахмет!

Нұрбақыт Нұрберген, 7 жас:

– Мен сурет салғанды ұнатамын. Егер Аяз Ата маған бояу мен қылқалам және альбом сыйласа қуанар едім. Сосын машина сыйласа. 

Александра Плеханова, 7 жас:

– Резіңке, ободок және қуыршақ. Сосын балаларға арналған иіс су. Қыздарға арналған далабым бар, бірақ тағы біреуін алуға болады.

Анастасия Плеханова, 8 жас:

– Сыйлық, сосын ақ гүлдері бар шаш қыстырғыштар.

Нұрдәулет Сайлау, 7 жас:

– Машина мен трансформер.

Бибігүл Нысанова, 14 жас:

– Косметикалық заттар салатын қобдиша.

Жеңісгүл Нысанова, 8 жас:

– Әдемі қуыршақ пен қуыршақ көйлегі.

Әсемгүл Қабдрахимқызы, 6 жас:

– Сәндеуге келетін шашы бар қуыршақ. Сосын кішкентай ат болса.

Аружан Қабдрахимқызы, 3 жас:

– Ойыншықтар.

Никита Тлешев, 3 жас:

– Сыйлық.

Роман Кузнецов, 10 жас:

–Камаз бен қарындаштар.

Денис Гратц, 9 жас:

– «ЛЕГО» конструкторы.

Бибігүл Қуанова, 16 жас:

– Ұялы телефон.

Бауыржан Ибраев, 3 жас:

– Аяз Атаны жақсы көремін. Ойыншықтар әкелсінші.

Арсен Түсіпқали, 3 жас:

– Жалтылдаған қылыш пен бакугандар.

Меңдіғалиев Равиль, 7 жас:

– Бакугандар, машиналар. Рахмет, Аяз Ата!

Медет Нәсіпқалиев, 10 жас:

– Тетігі бар машина мен конструктор.

Өмірбек Жәнібекұлы, 6 жас:

– Коньки, шайба және биялайлар. Сосын тетікті машина.

Қалыбек  Жәнібекұлы, 4 жас:

– Көп ойыншықтар.

Кристина Горшкова, 14 жас:

– Құлаққабы бар MP-3 плеер.

Мария Горшкова, 12 жас:

– Құлаққабы бар MP-3 плеер болса.

Әсемгүл Базарбай, 4 жас:

– Аяқ-қолын басқан кезде «Мама» деп айта алатын қуыршақ.

 

Сондай-ақ облыстық балаларды оңалту орталығына да кіріп шықтық. Онда облысымыздың аудандарынан келген мүмкіндіктері шектеулі балалар оқиды және сонда тұрады. Мұндай бүлдіршіндер саны 46 екен. Бұл бүлдіршіндер туыстары мен жақындарынан жырақта жүріп, емделуге мәжбүр болып отыр. Биыл біз осы бүлдіршіндерге сыйлық жасауды ұйғардық. Қиындықпен, тәрбиешілердің көмегімен олар Аяз Атаға өз қалауларын жеткізуге тырысты. Аяз Ата мен Ақшақар олардың шыршаларына 28 желтоқсанда барады. Осы сәбилер де қалаған нәрселерін ала алса керемет болар еді.  Атап айтқанда:

Сәрсенғалиева Мира, 7 жас:

– Қымбатты Аяз Ата, мерекеге кию үшін менде  басыма киетін тәж бен әдемі  көйлектің болғанын қалаймын. Және оған қоса ұялы телефоным болса, өз туғандарыма қоңырау шалар едім. Сүйкімді де әдемі бол!

Гүлбану Қайратова, 9 жас:

– Маған қуыршақ бересіз бе?

Диас Орынбасар, 10 жас:

– Ұлдарға арналған, мәселен, трансформер болса. Егер трансформер жоқ болса, онда машина алуға бола ма?

Дәнекер Абдолов, 12 жас:

– Тетікпен басқарылатын  машина.

Айнұр Адайбаева, 10 жас:

– Мен әдемі көйлегі бар қуыршақты қалаймын. Аяз Атаға оның жақсы екендігін айтыңызшы.

Арсен Нәсіпқалиев, 7 жас:

– Ұялы телефон керек.

Әнуарбаев Сұнғатолла, 7 жас:

– Аяз Ата, сенің маған кішкене ұшақтар әкеліп бергеніңді қалаймын. Бірақ, өте кішкентай емес, жарай ма?! Сәл-сәл үлкендеу.

Азамат Қуандықов, 8 жас:

– Басқару тетігі бар, токқа қосатын батарейкасы бар машина керек. Оған рақмет айтыңызшы.

Иманғали Молдабай, 8 жас:

– Маған да машина.

Әсел Оразбаева, 8 жас:

– Ата, маған үлпілдек көжек әкеп берші. Тірісі болмаса, онда қызғылт түстісін әкел!

Әлия Серікова, 7 жас:

– Маған жедел түрде қуыршақтарымды тамақтандыру  үшін ыдыс-аяқ керек. Тағы да қасықтары болса.

Нұрмұхан Қанатов, 9 жас:

– Маған Аяз Ата робот әкеліп берсін. Қарапайымын емес, жүретін және жанатыны керек.

Сара Семғалиқызы, 13 жас:

– Ұялы телефон.

Қарақат Мақсотова, 7 жас:

– Қуыршақ және оның шашына тағатын шаш қыстырғыш.

Мирамбек Биманов, 10 жас:

– Машина.

Назерке Мұқаналиева, 8 жас:

– Әдемі көзі және бантигі бар қонжық.

Маржан Жолдасова,7 жас:

– Сәндеуге келетін шашы бар қуыршақ және ободок.

Нұрболат Байзанов, 8 жас:

– Тетігі бар машина. Рақмет!

Нұрлы Қиякбай, 10 жас:

– Сыйлық.

Даниэль Нұрбергенов, 7 жас:

– Камаз.

Маржан Орынбаева, 9 жас:

– Қыздарға арналған машинка.

Айназ Жексенбай, 7 жас:

– Қуыршақ.

Шынар Қисметова, 13 жас:

– Бантигі бар сыйлық.

Нұргүл Жұманова, 13 жас:

– Ұялы телефон.

Дамир Сәбитов, 8 жас:

– Әдемі машинаны қалаймын.

Асылан Жоламанов, 8 жас (біз келген кезде ұйықтап жатты, сондықтан да оған сыйлықты оқырмандардың өздері таңдап сыйлауына болады).

Нұрсұлтан Ибрагим, 5 жас:

– Қандай болса да сыйлық.

Нарасыл Шагонов, 3 жас:

– Қандай болса да жақсы бір нәрсені қалаймын.

Нұртілек Ғилманов, 4 жас:

– Ойыншықтар.

Айнұр Ізғали, 5 жас:

–  Мокси қуыршағын.

Еркен Ерасынұлы, 3 жас:

– Сыйлық және  киндер-сюрприз.

Абылай Әділбаев, 4 жас:

– Машина.

Ерназ Марғат, 4 жас:

– Сыйлық.

Ғинет Қинаш, 5 жас:

– Сыйлық.

Бейбарыс Төлеуұлы, 4 жас:

– Робот.

Әбілмансұр Сәлімгереев, 5 жас:

– Трансформер.

Нұрмұхан Сисенғали, 5 жас:

– Сыйлық.

Жандос Байбосын, 4 жас:

– Ойыншық.

Ақылбек Жұмашев, 5 жас:

– Ойыншық.

Диана Байсина, 3 жас:

– Қуыршақ пен  заколка.

Қарақат Ғабит, 5 жас:

– Сыйлық.

Малика Әбілбәкирова, 4 жас:

– Сыйлық.

Ризабек Шаймардан, 4 жас:

– Тетікті машина.

Берекет Мизамғалиев, 5 жас:

– Сыйлық.

Әлихан Игелеков, 4 жас:

– Ойыншық.

Мансур Арыстанов, 5 жас:

– Сыйлық.

Сыйлықтарыңызды Жарбосынов, 5 мекен-жайындағы “АЖ” редакциясына әкелуіңізге болады.

Қосымша ақпаратты 27-23-67 телефоны арқылы Анастасия Пастуховадан аласыз.

8 желтоқсан 2011, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.