Атырау, 24 желтоқсан 19:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Су сорабын орнатуға да рұқсат керек

2 864 просмотра

Бірнеше жылдан бері көктемгі-жазғы маусымда жеке сектордағытұрғындар су қысымының жоқтығына қатысты проблеманы өздері сорап орнату арқылы шешіп келеді. Олар өз еріктерімен қосып алғандықтан, бұл «Атырау Су Арнасы» КМК мен абоненттер арасындағы онсыз да қиын қарым-қатынасты шиеленістіріп жіберді.

Өткен жылы кәсіпорын сорапты қосуға рұқсат беруді тоқтатқан болатын. Бүкіл жыл бойына тиісті өтініштерді де қарамады. Енді суару маусымы басталған кезде сумен қамтушы кәсіпорынның бақылаушылары тарапынан рейдтер жиілеп кетті. Рұқсатсыз қосып алғандықтан айыппұлдар салынды. Ал су қысымы жетіспейді. Тұтынушы не істеуі керек? Осы сұрақты «Атырау Су арнасы» КМК директоры Серік ЖҰМАШБАЕВҚА қойған едік.

- Иә, өткен жылы біз шынымен де сораптарды орнату жөніндегі өтініштерді қарауды тоқтатып тастадық. Бірақ қазір осы тәжірибені қайта қолға алдық, - дейді С. Жұмашбаев. – Біз қарсы емеспіз. Тұтынушылар сораптарды орната берсін, бірақ су ағынын үзіп, яғни жинауыш ыдыстар арқылы орнату керек қой. Ал адамдар тікелей ойып орната салса, олар көшедегі басқа көршілері үшін проблема туғызады. Су құбырында вакуум пайда болып, қысым төмендейді. Тұтынушы бізге жазбаша өтінішпен шыққаннан кейін біз оған техникалық шарттарды береміз. Бұл не үшін жасалады? Біріншіден, біз сораптың өнімділігін мақұлдауға тиіспіз. Екіншіден, жинауыш ыдыстар орнатуды бақылауға алуымыз қажет. Жалпы, қосымша қуаттылықтарға байланысты барлық әрекеттерді біз мақұлдауға тиіспіз. Басқа әрекеттердің бәрі өз еріктерімен қосып алу деп бағаланады.

Биылғы жылы біз үшінші сүзгілеу стансасына қосылдық. Содан бері қалада суға қатысты проблема жоққа жақын. Сорапты  қондырғанда тұтынушылар сау бастарына сақина тілеп алады. Мәселен, Еркінқалада су жақсы жүріп тұр. Ал онда бірде-бір сорап жоқ. Сарықамыстан су қысымына шағымдар түсе бастады. Содан кейін тексеру барысында 250 үйдің 170-і сорапты өздері орнатып алғандығы белгілі болды. Бір көшенің бес үйінде сорап орнатылса, қалған 20 үй сусыз отыратын болады.

- Рұқсат беруді өткен жылы неліктен тоқтатты?

- Өйткені, барлығы бірдей жинауыш ыдыстарсыз тікелей қосып алды. Сондықтан да біз рұқсат беруді уақытша тоқтаттық және жыл басында жеке секторда тексеру жүргіздік.

– Жеке сектордағы қысым-ға қатысты мәселені көп пәтерлік үйлердегі секілді  мөлтек ауданға түгел бірыңғай көтерме сорғы стансасын орнату арқылы шешуге болмай ма?

- Біз Мирный поселкесіне Тасқала, Дамбы және Амангелді ауылдары үшін көтерме сорғы стансасын орнаттық. Бірақ, адамдар бәрібір сорап қондырып отыр. Олар судың неге келмей отырғандығын анықтамайды, бәлкім, кімде-кім кесіп немесе тиекті жауып тастауы мүмкін ғой. Ал, біз поселкедегі су қысымын манометр арқылы үнемі бақылап отырамыз, ал, егер ол төмендейтін болса, онда резервті сорапты іске қосамыз.

Маған кәсіпорында түсіргендей, сорапты өз беттерінше қосып алғандығы үшін айыппұлдар сумен жабдықтау бойынша қызмет ұсыну және ағынды суларды бұру келісім-шартының 5.9 тармағына сәйкесті салынады. Өз беттерімен қосып алған жағдайда су шығыны оның тұрба бойымен толық ағынының тәулігіне 24 сағат ішіндегі жүруі ағысына және қосып алған күннен бергі кезең үшін су жылдамдығы 2 м/сек бойынша анықталатын болады. Ал, егер қосып алған уақытын анықтау мүмкін болмаса, онда қосып алған фактісі анықталған уақыттан бастап бір жылға есептеледі.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

2 маусым 2011, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.