Атырау, 24 желтоқсан 05:18
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Балыққа оттегі жетпеген

2 859 просмотра

Сарыөзектегі балықтың қырылуына судағы оттегінің төмен болуы себеп болған.

Естеріңізде болса, осыдан бір жарым апта бұрын сіздердің тілшілеріңіз Сарыөзектегі қара балықтың қырылу фактісін анықтаған болатын. Балық қорғау инспекциясы бұл қойманың балықтың қырылуына қауіпті болып есептелетін қойма екендігін және оның табиғат пайдаланушы «Стандарт» ӨК-не бекітілгендігін атай келе, жағдайдға аса мән бере қойған жоқ еді. («АЖ» №24 – «Қара балық тағы да қырылуда»).

Таяуда Жайық-Каспий балық аулауды реттеу  және қорғау бассейндік басқармасының бастығы Амантай АЙЖІГІТОВ біздің мақаламыз жарияланғаннан кейінгі алынған зертханалық зерттеулер оттегінің жетіспейтіндігін анықтағандығы туралы хабарлады. Судағы оттегі құрамы ең кіші норма -3 мг/л барысында 2,3 мг/л құрап отыр. Балық қорғау инспекторлары балықтың қырылу фактісіне көздері жеткен соң өзектегі басқа тірі қалған балықтарды аулауға «Стандарт» ӨК рұқсатын берген.

«Келтірілген зиян көлемі аз болғандықтан біз өндірістік кооперативті жауапкершілікке тартпайтын боламыз», - деп атап өтті А.Айжігітов.

Лев ГУЗИКОВ

23 маусым 2011, 19:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.