Атырау, 23 желтоқсан 18:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Барлық жаңалық

Ескі қала жаңаратын болды Атырауда

Ескі қала жаңаратын болды

Қаланың егжей-тегжейлі бас жоспарына сәйкес, қаланың көркін кетіріп тұрған 750 гектар алаңда орналасқан ескі жеке тұрғын үйлер бұзылып, орнына жаңа заманауи көпқабатты тұрғын үйлер бой көтермек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте Атырау облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Гүлбаршын АРЫСТАНОВА хабарлады.   28 сәуір 2021, 15:41 4 891 рет қаралды
Көптоғай ауылында әйел 4 айлық сәбиін пышақтап тастады Атырауда

Көптоғай ауылында әйел 4 айлық сәбиін пышақтап тастады

26 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында 41 жастағы әйел өзінің 4 айлық баласын өлтірді. «AЖ»-ға белгілі болғандай, қатты жылағаны үшін нәрестесін бірнеше рет асүй пышағымен ұрған. 28 сәуір 2021, 15:08 3 881 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Атырауда

Оқиғалар тізбегі

«Мотоцикл» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 22 сәуірде сағат 23:40 шамасында Махамбет көшесіндегі №116 үйдің жанында патрульдік полиция қызметкерлері скутерді тоқтатты. Оның жүргізушісінің куәлігі жоқ екен. Ал 5 жылдан бері ҚР-да мопед пен скутерді тіркеу және жүргізуші куәлігінің болуы міндеттелді. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігі («Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны басқаруы») бойынша хаттама толтырылып, 58 340 теңге көлемінде айыппұл салынды. Скутер арнайы тұраққа қойылды. 28 сәуір 2021, 10:55 3 554 рет қаралды
Жаңа жерүсті өткелі енді баршаға қолайлы ма? Атырауда

Жаңа жерүсті өткелі енді баршаға қолайлы ма?

Сәтпаев даңғылындағы жаңа жерүсті өткелінің тым биік екендігі, ал арнайы лифтіні магнит кілттің көмегімен тек мүгедектер ғана пайдалана алатыны туралы «АЖ» жарияланымынан кейін Атырау әкімдігі лифтінің қажет болған жандардың бәрі үшін жұмыс істейтінін хабарлады. 28 сәуір 2021, 10:41 3 128 рет қаралды
Апатқа ұшыраған атыраулық «Титаниктің» 60 жылдығына орай «АЖ» не туралы жазды

Апатқа ұшыраған атыраулық «Титаниктің» 60 жылдығына орай

Бұл трагедия 1961 жылы 2 мамырда – тура 60 жыл бұрын болды. Сол кезде «Бүкіл еңбекшілердің ынтымақтастығы күніне» орай жолаушылар катерімен Жайық бойында серуендеу арқылы мерекені атап өтетін. Оның үстіне көктемнің нағыз ортасы болатын, 1 мамыр мерекесінен кейін адамдар көңіл көтеруді жалғастырмақ болған. Өкінішке орай, бұл ондаған адамды ажал құштырған қайғылы оқиғаға ұласты. 28 сәуір 2021, 03:19 6 105 рет қаралды
Каспий түбі қазылатын болды, мердігер де анықталды Атырауда

Каспий түбі қазылатын болды, мердігер де анықталды

NCOC компаниясы Каспий теңізінің түбінен кеме қатынасы каналын салғалы жатыр деген хабар тұрғындарды дүр сілкіндірді.  Дегенмен, мұны жаңалық деуге келмес - «Қашаған кен орны нысандарын жайластыру. Теңіз кешені. Теңіздегі кеме қатынасы каналдары» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар былтыр қыркүйектің соңында өткен еді. 28 сәуір 2021, 02:20 4 725 рет қаралды
"56 жасқа келген мені «Арнаулы автобаза» бірден жұмысқа алды" Атырауда

"56 жасқа келген мені «Арнаулы автобаза» бірден жұмысқа алды"

Жел ұшыра ма, әлде тазалық мәдениетінен жұрдайлардың ісі ме, Атыраудың көшелері қоқысқа толы. «АЖ» осыған қатысты «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмас ИЗТЕЛЕУОВКЕ бірнеше сұрақ қойды. Сурет Бейнежазба 27 сәуір 2021, 13:06 4 126 рет қаралды
Cот хроникасы Оқиға

Cот хроникасы

Құрманғазы аудандық соты Б.С.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-тармағы бойынша («Тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен балық аулау қағидаларын өрескел бұзу») әкімшілік істі қарады. Сот оның биыл наурыз айында Қиғашта тыйым салынған «экран» құралымен балық аулағанын анықтап, 40 838 теңге көлемінде айыппұл салды. Құрал тәркіленіп, жойылды. 27 сәуір 2021, 11:39 3 723 рет қаралды
Қазір әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы қандай? Экономика

Қазір әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы қандай?

Қазір Атырауда күнбағыс майының шекті бағасы литріне 686 теңге, 1-санаттағы он жұмыртқа 444 теңге болып белгіленді. Бұл туралы брифингте қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан ДӘУЛЕТОВ мәлімдеді. 27 сәуір 2021, 15:43 5 073 рет қаралды