Атырау, 23 сәуір 14:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Атырауда балалар үшін қандай тегін спорт секциялары бар

Сурет
2 392 просмотра

Атырауда оқушылар мен жасөспірімдерді спорттық үйірмелерге тару мақсатында 816 млн теңге бөлінді. Соның арқасында қазір 6 мыңнан астам бала спортпен тегін шұғылдануда. Одан бөлек, білім беру басқармасы жанындағы 7 балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру даярлығы клубында 14 мыңға жуық бала спортпен айналысуда.

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, балалардың спорттық секцияларын жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыру бойынша мемлекеттік тапсырысқа сәйкес, қазір қаланың бірнеше нүктесінде және ықшамаудандарда спорттың 9 түрінен секциялар тегін жұмыс істеп тұр. Балалар спорттық би, шахмат, футбол, волейбол, бокс, еркін күрес, көркем гимнастика, карате, суда жүзу және дзюдо үйірмелеріне бара алады. Бұл үйірмелерде қазір 6538 бала жаттығуда. 

Тегін секциялардың мекен-жайы:

Аталған үйірмелер баланың әлеуметтік мәртебесіне қарамай кез-келген баланы қабылдай береді (баланың көпбалалы немесе аз қамтылған отбасынан екені туралы анықтама қажет емес). Бірақ кейбір жеке мектепте тегін секциялар үшін орындар саны шектеулі. Біз хабарласып білген жеке мектептің біріндегі футбол секциясында баланы 6 жастан 16 жасқа дейінгі аралықта қабылдайды. Қазіргі кезде 60 орын толық, дегенмен резервке тұрса болады. Спорт басқармасы спорт секцияларын жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыру бойынша биыл тағы қосымша қаржы бөлуді жоспарлап отыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

15 ақпан 2022, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.