
2026 жылғы 1 шілдеден бастап шағын көлемді кемелерді мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттері Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінен Төтенше жағдайлар министрлігіне берілді.
Бұл өзгеріс су айдындарында, әсіресе халық көп жиналатын демалыс орындарында қауіпсіздікті күшейтуге, ішкі туризмді дамытуға және шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
Функцияларды беру қарсаңында маусым айында «Назар аударыңыз! Шағын флот!» атты профилактикалық шаралар ұйымдастырылып, 775 кеме тексерілді.
Нәтижесінде 273 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ең жиі кездескен заңбұзушылықтар қатарында басқаруға құқығы жоқ адамның кемені жүргізуі (34 жағдай), жеке құтқару құралдарынсыз пайдалану (91 жағдай), кеме бортынан қоқыс шығару (26 жағдай), тіркеусіз кемені басқару (10 жағдай) және өзге де ережелерді бұзу (26 жағдай) бар.
Министрлік шағын көлемді кемелердің иелері мен жүргізушілерін су айдындарындағы заң талаптарын және қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.
В Атырау +32.7