Атырау, 30 маусым 21:36
 дождьВ Атырау +21.2
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

Атырау облысында бір тәулікте 4 адам COVID-19 жұқтырған

1 680 рет қаралды

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны төмендегені байқалады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 4 науқас анықталды. Атап айтқанда, 3 науқас -  Теңіз кен орнында анықталған, 1 науқас - Құрманғазы ауданында анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 1 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 202 адам емделді.

Қазір 1283 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 9, модульдік ауруханада - 81, фтизиопульманологиялық орталықта - 9 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 19 адам емделіп жатыр. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

15 ақпан 2022, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.