
Әлеуметтік желілерде Атыраудағы Ретро-парктен кейбір ландшафтық элементтердің жоғалғаны көрсетілген видео тарады.
Әңгіме тұрғындар мен қала қонақтарының демалуына арналған орындықтар жайында болып отыр. Белгісіз біреулер оларды жаппай бұзып алып, әкеткен. Парк аумағынан кемінде 13 орындықтай жоғалған, кейбірі қоқыс жәшіктерімен бірге алынған. Бұған дейін Әйтеке би көшесіндегі жағалаудан да көптеген орындықтар қоқыс жәшіктерімен бірге жоғалған еді.
Белгілі болғандай, орындықтардың жоғалуы билік органдарының келісімімен жүзеге асқан. Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, Ретро-парктен алынған орындықтардың бір бөлігі К. Мәденов көшесіне көшіріліп, Әбілхайыр хан даңғылы мен Сұлтан Бейбарыс арасындағы учаскеге 32 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылған. Ал Әйтеке би көшесіндегі орындықтар резиденция мен облыстық аурухана арасындағы жағалау бөлігіне орналастырылған.
Сонымен қатар, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биылғы жылдың соңына дейін орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сатып алу бойынша конкурс өткізу жоспарланып отыр. Оларды кейін орталық көшелерге орнатып, қаланы абаттандыру және қалалық инфрақұрылымды дамыту көзделген, – делінген әкімдіктің жауабында.
Лев ГУЗИКОВ
Сурет Кенжебек АЙТҚОЖИНДІКІ
Видео: Ranneva Elena, Facebook
В Атырау +32.7