Атырау, 24 сәуір 04:20
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Теңіздегі ККЖ жобасы аяқталуда, бірақ әлі Қарабатанда мұнайхимия кешені мен газ өңдеу зауыты бар

1 873 просмотра

Атырауда жыл сайын 12 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру жоспарланады. Бұл туралы брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде облыста 6 798 жұмыссыз тіркелген. ТШО-ның Келешек кеңею жобасының аяқталуына орай мамыр айына дейін 3 265 адам жұмыстан босатылады. Оның 1 455-і Атырау тұрғындары. Әрі қарай бұл көрсеткіштер көбейеді, осыған байланысты «жаңа» жұмыссыздарды одан әрі жұмысқа орналастыру жоспары әзірленді.

- Мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл сайын 10-12 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Атырауда қазір мұнай-химия салаларын дамыту мақсатында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі - полиэтилен өндірісі бойынша интеграцияланған газ-химия кешені құрылысының екінші кезеңі басталады. Одан бөлек, Қашаған кен орнының газын қайта өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жобаларға жергілікті тұрғындарды көбірек орналастыру жоспарда бар, - деді Мәмбетов.

Бұған дейін Мәмбетовтың орынбасары Еркебұлан ӘБІЛҚАСЫМОВ мұнай-химия кешенінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде 20 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланғанын хабарлаған еді.

Айнұр САПАРОВА

14 ақпан 2022, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.