Атырау, 29 наурыз 10:59
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жалындаған сезім және ұсақ бұзақылық

Бейнежазба
1 729 просмотра

13 ақпанда әлеуметтік желіде бір топ жастың файер-шоу ұйымдастырғаны туралы видео жарияланды. Сөйтсек, Мақатта бір жігіт сүйіктісіне осылайша романтикалық ұсыныс жасаған екен.

Видеода бір топ жастың ортасында жігіт сүйіктісіне сөз салады. Ол келісімін беріп, видеода қуанған дауыстар мен көлік сигналдары естіледі, аспанға отшашулар ұшады. Жұптың айналасында жалын тұтанады. Шамасы, жастар романтикалық атмосфера ұйымдастырып, жалынды сезімді бейнелейтін отты тұтату үшін жерге алдын-ала бензин төгіп тастаған секілді. Өкінішке орай, жанған бензин қара түтінге айналды. Видеода сол кезде полиция көлігінің келгені көрінеді.

14 ақпанда полиция департаментінің баспасөз қызметі осы дерек бойынша Мақат ауданында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша хаттама толтырылғанын хабарлады.

 - Жинақталған материалдар бойынша жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба 

15 ақпан 2022, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.