Атырау, 24 сәуір 16:03
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған екі адам іздестірілуде, үшінші адам екі апта бұрын жоғалған

1 708 просмотра

Атырау облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 27 жастағы облыс орталығының тұрғыны Жанболат СҮНДЕТОВТІ іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оның туыстары ТЖД-не ақпанның 14-іне қараған түні жүгінген.

Олардың айтуларынша, 12 ақпанда «Арна» ЖШС-де «Орал» маркалы жанар-жағармай таситын көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтін Жанболат жанармай таситын көлігімен Атыраудан Мақат ауданындағы Қаратал кен орнына шығып, діттеген жеріне жете алмаған.

ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздеу жұмыстары сол түні басталып, оларға «УАЗ» көлігімен 3 қызметкер жұмылдырылған.

- Таңертең сағат 06.20-да «ТРЭКОЛ» көлігімен 3 құтқарушы, «Арна» ЖШС-нің 3 қызметкері мен 1 техникасы қосымша тартылды. Бұдан басқа, 4 экипаж мүшесі, ТЖД үш қызметкері және үш туысы мінген «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды, - деп хабарлады ТЖД.

Еске салсақ, дәл сол күні, 12 ақпанда 66 жастағы шопан Жылыой ауданындағы қыстақтан шығып, жоғалып кеткен болатын. Оны да ТЖД мен полиция іздестіріп жатыр.

Ал 29 қаңтар күні кешке үйінен шығып кетіп, кері оралмаған Махамбет ауданы Бейбарыс ауылының 63 жастағы тұрғынын іздеу жұмыстары әзірге нәтиже бермеді.

ТЖД мәліметінше, 2021 жылы Атырау облысында жоғалған екі адам ақыры табылмаған.

Айнұр САПАРОВА

ТЖД ұсынған сурет пен бейнежазба

14 ақпан 2022, 23:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.