Атырау, 7 қазан 21:25
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырау облысында бір тәулікте 24 адам COVID-19 жұқтырған

1 452 просмотра

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 24 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 16 жағдайы расталды. Ал, 4 науқас -  Теңіз кен орнында анықталған, 1 - Индер ауданында, 3 науқас - Құрманғазы
ауданында анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 9 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 15 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 230 адам емделді.

Қазір 1088 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 9, модульдік ауруханада - 70 фтизиопульманологиялық орталықта - 9 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 19. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

16 ақпан 2022, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.