Атырау, 11 сәуір 1945
 ашықВ Атырау +4
$ 515.18
€ 570.66
₽ 6.06

Жұмыспен қамту: «Алғашқы жұмыс орны» және «Жастар практикасы» бағдарламалары бойынша жалақы өсті

2 248 просмотра

Биыл жастарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында мемлекеттік қайтарымсыз грант көлемі мен «Алғашқы жұмыс орны» және «Жастар практикасы» жобалары бойынша жалақы субсидиялау көлемі өсті. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ брифингте хабарлады.

Былтыр мемлекеттік қайтарымсыз грант көлемі 200 АЕК құраса (шамамен 620 мың теңге), биыл 400 АЕК-ке (1 млн 225 мың теңге)  көбейеді.

«Алғашқы жұмыс орны» бойынша былтыр жалақы субсидиясы 20 АЕК (58 340 теңге) болса, биыл 30 АЕК (91 280) теңге болды. Оған қоса, субсидиялау мерзімі 12 айдан 18 айға ұзартылды.  

2022 жылы бағдарламаға 924 жасты тарту жоспарланып отыр. Бұл ретте субсидия көлемі 25 АЕК-тен (72 925 теңге) 30 АЕК-ке (91 280 теңге) дейін өсті. Ал жарамдылық мерзімі алты айдан бір жылға дейін ұзартылды.

Айнұр САПАРОВА

14 ақпан 2022, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16