Атырау, 20 сәуір 06:14
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атыраулық жұмыссыздар бойынша не жоспарланған

1 628 просмотра

Былтыр облыста «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бюджеттен 4 млрд 34 млн теңге бөлінген. Бұл бағдарлама жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ брифингте осы бағдарлама аясында былтыр 33 098 адамның жұмыспен қамтылғанын айтты.  

- Оның ішінде 18 679 адам бос жұмыс орындары бойынша тұрақты жұмысқа қабылданған. 426 адам әлеуметтік жұмысқа, 944-і жастар практикасына, 6 499 адам қоғамдық жұмыстарға, 51 адам алғашқы жұмыс орындарына, 1 513 адам қысқа мерзімді оқуға, 250 жас кәсіптік-техникалық колледждерге оқуға, 1 128 адам «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқуға жолданған, 265 адам «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан несие алған, 670 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант берілген, - дейді Мәмбетов.

Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамту 2021 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға былтыр 4,2 млрд теңге бөлінген. Осы бағдарлама аясында 493 жұмыс орны ашылды, соның ішінде үш ауысымдық мектеп, медколледж жатақханасының құрылысы бар. 

Жол картасының екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру шаралары қарастырылып, 1 млрд  теңге бөлінді. Былтыр 368 млн 700 мың теңгеге 26 жоба мақұлданды. Несие беру шаралары жалғасып жатыр.

Бұдан бөлек, Мәмбетовтың мәліметінше, былтыр облыста 25 720 жаңа жұмыс орны ашылған. Оның 14 468 тұрақты жұмыс орындары екен.

Биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы бойынша жоспарланған әлеуметтік қолдау шараларына 2 млрд 391 млн 100 мың теңге бөлініп, 21 751 адамды қамту жоспарланған.

- Атап айтқанда, 1 918 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, 1 000 адамды «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, 14 374 адамды бос жұмыс орындарына орналастыру, 338 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына, 825 адамды жастар практикасына, 2 379 адамды қоғамдық жұмыстарға орналастыру, 645 адамға өз ісін ашуға гранттар беру, 91 жасты алғашқы жұмыс орнына орналастыру, 18 адамды «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына және 126 адамды «Күміс жас» жобасына орналастыру жоспарланып отыр, - дейді Мәмбетов.

Оның айтуынша, «Ұрпақтар келісімшарты» жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздар үшін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша жұмысқа орналастыруды көздейді. Оған кәсіби білімі бар жастар қатыса алады. «Ұрпақтар келісімшарты» жұмыспен қамту орталығында жасалған келісімшарт негізінде қатысушыны алты айға тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

- Біз жұмыс берушінің айлық жалақысын өтейміз, оның көлемі - 30 АЕК. Пилоттық жоба ретінде 18 адамнан бастадық. Сұраныс болса, көбейтеміз. Егде жастағы адамдар да қатыса алады - зейнет жасына шыққанға дейін 12 айға жұмысқа орналастырылады.

Айнұр САПАРОВА

14 ақпан 2022, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.