Атырау, 20 сәуір 13:42
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Алматыда жолға түкірген BMW жүргізушісі жазаланды

1 226 просмотра

Алматыда жолға түкірген BMW жүргізушісі жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Facebook-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде BMW жүргізушісі бағдаршамға тоқтаған кезде есікті ашып, жолға қалай түкіргені түсірілген видео жарияланған болатын. Видео авторы жүргізуші бірнеше рет осылай жасағанын айтып, шағымданған.

"Instagram желісінде осы жазбаға 6 ақпанда белгіледі. Тексеру ПД патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзған ер адам анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылды", - деп жазды ол.

Рустам Әбдірахманов дерек ӘҚБтК-нің 1-бөлігі 620-бабы "Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу" бойынша қарастырылғанын айтты.

14 ақпан 2022, 20:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.