Атырау, 4 қараша 12:30
 дождьВ Атырау +8.1
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58

Halyk Bank бөлімшелеріндегі аударымдар: комиссия 10 есе артуы мүмкін

80 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Halyk Bank бөлімшелерінің кассалары арқылы әртүрлі клиенттердің карталары арасында ақша аудару қызметінің тарифтерін өзгертті. Бұған дейін белгіленген тұрақты төлем алынатын болса, енді комиссия пайыздық мөлшерлеме бойынша есептеледі, деп хабарлайды Finratings.kz.

Бұрын кассир арқылы басқа клиенттің картасына ақша аудару үшін жіберілетін соманың көлеміне қарамастан 500 теңге комиссия алынатын. Енді комиссия операция сомасының 0,2 пайызын құрайды. Сонымен қатар ең төменгі және ең жоғары шек белгіленген: комиссия 500 теңгеден кем емес және 5 000 теңгеден артық болмайды.

Ірі сомада ақша аударған кезде клиенттер төлейтін комиссия бұрынғыдан он есеге дейін артуы мүмкін.

Енді комиссия қалай есептеледі:

  • 250 000 теңгеге дейін — 500 теңге (ең төменгі тариф);

  • 500 000 теңге — 1 000 теңге;

  • 1 миллион теңге — 2 000 теңге;

  • 2 миллион теңге — 4 000 теңге;

  • 2,5 миллион теңге және одан жоғары — 5 000 теңге (ең жоғары шек).

Жаңа өзгеріс тек бөлімшелердің кассалары арқылы әртүрлі жеке тұлғалардың карталары арасында жасалатын аударымдарға қатысты екені атап өтілді.

Банктің банкоматтары арқылы осындай операциялар жасайтын клиенттер үшін комиссия бұрынғыдай — 150 теңге. Ал мобильді қосымша ішіндегі аударымдар стандартты тарифтер бойынша жүзеге асырылады.

Бүгін, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.