Атырау, 3 тамыз 09:48
 дождьВ Атырау +22.1
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар

Сәби «Нивамен» бірге суға батты

19-шы қаңтарға қараған түні «Нива» автокөлігі мұз астына түсіп кеткен. 6 жасар сәби көз жұмып, ал ересектер аман қалған. Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің судан құтқару қызметінің бастығы Ершат ҚИБАШЕВТЫҢ хабарлауынша, қайғылы оқиға Мечников-Баймұханов көпірінің маңында орын алған.  20 қаңтар 2011, 00:00 3 758 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Қала жолдарын жөндеу: бүкіл тізімді жарияласаңыздар

Облыстық әкімдікте 2011 жылғы көлік жолдары құрылысының жоспарлары талқыға салынды. Цифрларды жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасының бастығы Ахмед АХМЕДОВ жариялады. Ол  Мақаттағы, Индербордағы, Махамбеттегі, Аққыстаудағы, Тұщықұдықтағы, Ганюшкиндегі, Қызылқоға ауданының селоларындағы поселкеішілік және селоішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. 19 қаңтар 2011, 00:00 5 506 рет қаралды
Ит ату да бір кәсіп Басқа жаңалықтар

Ит ату да бір кәсіп

Дәл қасымнан құлақ тұндырар оқ атылған кезде жүрегім  зырқ ете түсті. Ағаш бастарында қонақтап отырған құстар дүр етіп ұшып кетті. Оқ атылған кезде қыңсылаған дыбыс қатар шыққан еді. Ғимараттың бұрышынан айналып барып, жерде жарақатын ауырсына дәрменсіз қимылдап жатқан сарғыш жүнді итті көрдім. Сұмдық көрініс еді. Мен көзімді тарс жұмып алған едім. «Көзіңізді ашыңыз, ит өліп қалды, - деді бес секундтай уақыт өткеннен кейін аңшылардың бірі. – Сәлеметсіз бе! Мен – Юриймін. Юрий Ким». 19 қаңтар 2011, 00:00 11 720 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Нысандарды тіркеу «жыры» бітер емес

Бүгінгі күні мемлекет меншігіндегі газ және электр нысандарының 90 пайызы мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Олар үшін техникалық құжаттамаларды дайындау өткен жылдың аяғында аяқталуы тиіс еді. Бірақ, дүйсенбі күні болған облыстық әкімдіктегі мәжілісте бұл мерзімнің кейінге қалдырылғандығы белгілі болды. 13 қаңтар 2011, 00:00 3 830 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Шұбар тауық бағасы қымбаттады

Соңғы жарты жыл ішінде қоспа жемнің бағасы Атырауда 10 есеге қымбаттап кеткен. Фермерлер қоспа жем алғаш премьер-министр Кәрім Мәсімов  егіннің шықпай қалғандығын айтқаннан кейін қымбаттай бастады деп есептейді. 13 қаңтар 2011, 00:00 7 065 рет қаралды
ҚАСҚЫРЛАР ҚҰТЫРЫП ТҰР Басқа жаңалықтар

ҚАСҚЫРЛАР ҚҰТЫРЫП ТҰР

Қоянның қысы бірқалыпты. Қар жаумай, қарасуықтың белең алуы шаруа баққан адамдарды қатты састыруда. Өйткені малға бұл қолайлы емес. Тек көңіл жұбатарлығы, малдың әлі күнге далаға жайылуы. Десек те қасекеңдер соңғы кезде құтырып тұр. 13 қаңтар 2011, 00:00 5 226 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Трамадол тек рецептімен сатылады

Атырау облыстық медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету саласын бақылау департаментінің мамандары есірткілік анальгетик - трамадолдың еркін сатылуына қатысты бірқатар дәріханаларға тексеру жүргізді. 12 қаңтар 2011, 00:00 4 721 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Учаскелік дәрігерлер үшін сыйақы қоры құрылды

Денсаулық сақтау министрлігі емханалар жанынан учаскелік қызмет үшін сыйақы қорын құрды. Жақсы көрсеткіштер көрсеткен жағдайда учаскелік дәрігерлер тоқсан сайын сыйақы алып тұрмақ. 12 қаңтар 2011, 00:00 4 692 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Әскери болуға ынталанғандар қатары өсіп келеді

Біз «әскери ант қабылдаған» деп әскери борышын өтеуге аттанған жігіттер жайлы емес, әскери оқу орындарына түсуге ниет танытқан талапкерлер жайлы айтып отырмыз. Атырау қаласының әскери комиссариат басқармасының әскерден тыс дайындық бойынша бөлімшесінің бастығы Жасұлан САТЫБАЛДИЕВТІҢ айтуынша, басқа жылдармен салыстырғанда биылғы оқу жылында еліміздегі әскери оқу ордаларына алыс аудандардағы көрсеткішті санамасақ, қаладан жеті ер бала әскери оқуға түскен. 6 қаңтар 2011, 00:00 8 711 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Жаңа жыл жайлы болмақ

Халық арасында егер дүниеге қыз бала көп келсе жыл тыныш, ал ер бала көп келсе керісінше болады деген наным қалыптасқан. Облыстық перзентханада жаңа жыл түні алты қыз бала мен бір ер бала дүниеге келген. Нұргүл ПӘУЕДЕНОВА (суретте) қызын жаңа жылда дүниеге әкеліпті. 6 қаңтар 2011, 00:00 7 354 рет қаралды
Басқа жаңалықтар

Әлеуметтік жоба: жалғасы бар...

«Жайық-ақпарат» баспасөз клубында «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестігі «Әлеуметтік әлсіз балалардың қуатын жоғарлату: табысқа жол» атты әлеуметтік жоба аясында жүргізген сегіз айлық жұмыстарының нәтижесін таныстырып, баспасөз мәжілісін өткізді. 6 қаңтар 2011, 00:00 4 745 рет қаралды
Сәттілік сәт сайын есік қақсын! Басқа жаңалықтар

Сәттілік сәт сайын есік қақсын!

Биылғы қоян жылы жаңажылдық символ бойынша шығыс күнтізбесінде қай істің де оңынан тууына сеп болып, оң қабақ танытатын жыл екен. Нағыз қоян дүмпуін күтіп отырған жергілікті қоян өсірушілер қояндарының жүндерін тарап, сүйікті тағамы болған сәбіздерін көбірек беріп отырған көрінеді. Сәттілік мені де айналып өтпесін деген оймен, олардың біріне жолығуды ұйғардым. 5 қаңтар 2011, 00:00 6 041 рет қаралды