Атырау, 23 желтоқсан 05:13
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Алтынға баланған қияр

9 408 просмотра

Сейсенбі күні кешкісін «Көктем» базарында қияр бағасының келісі 900 теңгеден бір-ақ шықты.

8-ші ақпанда жұмыс күнінің аяғында бүкіл жеміс-көкөніс павильонында кәдуілгі жылыжайда өсірілген қияр тек бір жерде ғана сатылып жатты. Ал келесі күні сөрелерде мүлдем жоқ боп кетті. Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Қадырғали ТҰРҒАНОВТЫҢ айтуынша, қиярлардың болмауына ауа-райы себеп болған көрінеді: «Қиярлардың ірі партиясы бізге Ираннан келеді, олар Ақтауға теңіз жолы арқылы жеткізіледі. Ол жақтан бері қарай автокөлікпен әкелінеді. Алайда жолдың тайғақтығынан 3-4 күннен бері Ақтаудан қиярлар жеткізілмей қалды».

Жеткізудің қашан реттелетінін ешкім де айта алмай отыр. Ақпанның аяғына дейін Астрахан мен Өзбекстаннан әкелінген ұсақ партиялы қиярлардың шарықтаған бағаларын қызықтайтын шығармыз.

Қияр өсіретін жергілікті жылыжайлар: «Агротағам» ЖШС мен «Жұмағалиев» ЖК қазіргі кезде техникалық үзіліс жасаған. «Олар көшеттерді енді ғана отырғызып болды, жаңа өнім наурыз айында болуы тиіс», - дейді Тұрғанов.

Ираннан қиярдан басқа, қызанақ пен жемістер де әкелінеді. «Қызанақтар әзірге бар. Олардың бағасы – 400-450 теңгеден. Сәрсенбі күні «Дина» базарында қиярдың көтерме бағасы 550 теңге, бөлшек бағасы 650 теңге болды», - дейді кәсіпкерлік бөлімінің бастығы. Баға көтерілмес бұрын қияр 400-450 теңге болатын. Жеткізілім қалпына келгеннен кейін осы деңгейге қайтадан түсер деп үміттенеміз.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

10 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.