Атырау, 22 қараша 05:07
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Балық аулаудағы былықтар

3 649 просмотра

Махамбет ауданы прокуратурасының мәлімдеуінше жыл сайын елу тоннаға жуық заңсыз балық ауланып, мемлекетке миллиондаған теңге залал келеді екен.

Негізі аудан аумағында Жайық өзені 130 км созылып жатыр деседі. Өзен бойында 16 ірілі‑ұсақты елді‑мекендер бар. Қанша жерден балық қорғаушылар заңсыз балық аулауға тиым салса да, оның қатарын сирете алмай отырған көрінеді. Құқық қорғаушылар бірнеше рет рейдтер ұйымдастырған. Криминальдық бизнесті балықпен байланыстырғандарды құрықтау мүмкін болмауда екенін прокуратура қызметкерлері жасырып отырған жоқ. Балықты автокөлікпен тасымалдау ісі де жалғасуда. Бір сөзбен айтқанда құқық қорғаушылар тарапынан заңсыз контрабандалық әдіспен тасымалдауды құрықтау жалғасын табуда.

‑Өткен жылы трал арқылы 476 ау құралдары алынған. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда екі есе өскенін көруге болады. Браконьерлікке қарсы күрес шараларына қарамастан аталған мәселе маңызды болып қала беруде, ‑ дейді Махамбет ауданы прокурорының көмекшісі Саид АЖМУХАМЕДОВ. ‑ Құқық қорғау органдарының күшімен 14 браконьерлік факт анықталып отыр. Өткен жылдың өзінде заңсыз балық аулаумен айналысқан бірнеше адам ұсталып, сотқа апарылды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.