Атырау, 23 желтоқсан 13:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Тікұшақтар бизнесі

3 006 просмотра

Көлік және коммуникациялар министрі Әбілғазы Құсайынов Атырау облысында болып қайтты.

Облыстық әкімдіктегі кеңесте сала басшысы біздің мұнайлы аймақта шағын авиацияның қарқынды дамитындығын атап өтті. Қазір осы саладағы заңнамалық база халықаралық ережелерге сай жасалған. Елімізде жеңіл моторлы ұшақтарды шығаратын 2 зауыт салынуда. Болашақта кез келген ересек азамат дайындықтан және медициналық куәландырудан өткеннен кейін ұшу аппаратын басқара алады. 

Бәлкім кәсіпкерлер бизнесте әлі жолға қойылмаған салаға қызығушылық білдірер. Бізге тікұшақтар мен «кукурузниктердің» қажет болары анық. Облыс орталығынан батыс шекараға (Котяевка) дейінгі аймақ ұзындығы 277 километр, шығыс (Майкөмген) шекараға дейін 210 километр, солтүстік (Аққала) шекараға дейін 184 километр құрайды. Барлық жерде де адамдар тұрады. Көп күттірмей өзіміздің де Миминомыз пайда болар.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 наурыз 2011, 21:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.