Атырау, 10 желтоқсан 16:37
 бұлттыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Жаңа бейнекамера да, сақшы да керек

3 835 просмотра

Бұдан бұрын хабарланғандай, Атырау көшелерінде тағы да 200-ден аса бейнекамералар орнатылуда. Өткен аптада облыс әкімі Бергей Рысқалиев өз бағыныштыларына ұзаққа созылған осы процесс үшін мықтап ұрсып, облыстың бас полицейінің штатты көбейту туралы ұсынысын қабыл алмаған болатын.

Облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары Лариса ЖҰМАҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, енгізілетін барлық камералардың интеллектуалды функциясы бар екен.

Бар болғаны облыс орталығында 253 бейнекамера орнатылмақ. Оның 95-і – аулаға, 53-і көшеге, 47-сі қиылыстарға және 5-уі – алаңдарға орнатылатын болады. Оларды орнату жобасын пайдалануға беру 31-ші наурызға белгіленген.

- Әр камераны реттеу керек, ал аяздың салдарынан бұл процесс созылып кетті, - деп түсіндірді жабдықты жеткізуші.

ІІД бастығы Рахмаджан ДОСАНОВ жаңа бейнебақылау жүйесі анықтайтын ереже бұзушылыққа қатысты әрекет ету үшін қосымша 60 қызметкер қажет екендігін мәлімдеді:

- Біздің мобильді 8 тобымыз орнатылған бейнекамералардың көмегімен анықталған құқық бұзушылықты игере алмайды. Мобильді топтар үшін де, бейнебақылау жүйесіндегі жұмыстар үшін де қосымша кадрлар қажет.

Б.Рысқалиевқа қосымша шығындар туралы мәселе ұнамады. Ұсыныс бойынша: 45 қызметкер жергілікті бюджет есебінен, 15-і – ҚР ІІМ-нің есебінен жұмыс істеуі керек.

- Заң бұзушылықтарды анықтауды арттыру үшін камераларға ақша шығындағанымыз аздай (тиісінше, сақшылар санын азайтамыз), сіз тағы да штатты кеңейту керек дейсіз. Сонда бұл жерде үнемдегеніміз қайсы? – деді ашуланған әкім. Ол сондай-ақ, ірі компаниялар кеңсесінің айналасындағы аумақты камералармен жабдықтамауға тапсырма берді. Б.Рысқалиевтың айтуынша, олар өз қауіпсіздіктері туралы өздері қамданулары тиіс.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген автор

24 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.