Куйбышев атындағы мектеп ғимаратына «ОблТрансГаз»КМК орналасатын болады.
Біздің қаламыздың ескі ғимаратының бірі оқу мекемесі ретінде бізге бірнеше ондаған жылдар бойы қызмет етті. Осыдан екі жыл бұрын ондағы мектеп оқушылары Успен соборының қарсысына салынған жаңа мектепке көшірілді. Ал, бұрынғы мектепті бұза бастағанымен, артынша оның қабырғаларын құлатпай, жөндей бастады. Тіпті, ескі қалада ол жерде жаңа супермаркет ашылады деген алып-қашпа әңгімелер де болды.
Біз қалалық әкімдіктен жөнделіп жатқан ғимаратта не болатындығын сұрап білдік. Анықталғанындай, құлаған ескі ғимарат «ОблТрансГаз» КМК-ның жарғылық капиталына беріліпті. КМК-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы Мұрат АУДАНОВТЫҢ айтуынша, бұрынғы мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін кәсіпорынның зертханалары және абоненттік бөлімдерімен бас кеңсесі көшіп келетін болады. «ОблТрансГаз» қызметкерлері Алмагүл мөлтек аудандарындағы жертөлелерде мекен етіп отыр.
Лев ГУЗИКОВ
Суретті түсірген В. Истомин