Атырау, 24 желтоқсан 18:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Қаржы полициясы бизнеске тиіспеуге уәде берді

3 243 просмотра

2 наурызда Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыспен күрес департаментінде (қаржы полициясы) Департаментпен «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы АФ және «Атырау облысы жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер Одағы» арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

 «Бұл меморандум жеке бизнестің мүдделерін қорғауға қолдау танытатын болады. Мәселен, жұртшылықтың бәрі білетін қарағандылық бизнесменге қатысты жағдайда ол бірден облыстық кәсіпкерлер Ассоциациясына қаржы полициясының заңсыз тексеру жүргізіп отырғандығын хабарлаған, ал, Ассоциация ҚР сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыспен күрес Агентігінің төрағасына шағымданған,-дейді облыстың жұмыс берушілер және кәсіпкерлер одағының директоры Нина ТЕМІРБАЕВА. Меморандумға сәйкесті қаржы полициясы бизнесмендерге құқықтық мәселелер бойынша түсініктер беріп, сондай-ақ, қызметкерлерінің тарапынан болатын заңсыз тексерулер фактісіне жедел шаралар алатын болады.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 наурыз 2011, 20:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.