Атырау, 23 желтоқсан 11:58
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Кәсіпкерлерге ауыз суды пайдалануға тыйым салды

4 118 просмотра

Қараша айынана бері атыраулық кәсіпкерлер 1-ші қаңтардан бастап оларға ауыз суды өнеркәсіптік мақсатта қолдануға тыйым салынатындығы туралы хабарламаны ала бастады. Бизнесмендер тазартылмаған суды пайдалануға разы болғанымен оны қайдан алатындарын білмейді.

Бұл мәселе облыстың кәсіпкерлер және жұмыс берушілер Одағы ұйымдастырған Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясы  және «Атырау су арнасы» басшылықтарымен кәсіпкерлердің кездесуінде талқыланған болатын. Инспекция бастығы Бисен ҚУАНОВ орын алған жағдайға қатысты мынадай түсінік берді: «Су ресурстарын пайдалану ережесі Су кодексінде жазылған және ешқандай рұқсатсыз суды  жалпы қолдану, сондай-ақ, егер судың көтерілу және суды реттеуші имараттар қолданылған жағдайда арнаулы рұқсатын алу жөнінде бөлімдерде көрсетілген. Біздің облысымызда суды пайдалануға арнаулы рұқсат жыл сайын 26-27 млн. текше метр суды тұтынатын «Атырау су арнасында» бар. Мұндай тұтыну көлемдері арнаулы есептеулер мен халық санына негізделеді. Бұдан басқа, техникалық суды түрлі өнеркәсіп кәсіпорындары: Аджип, ТШО, ЖЭО, АМӨЗ және басқалары қолданады. Тазартылмаған суды сондай-ақ, облыстың ауылшаруашылықтары да қолдана алады, ол үшін олар рұқсат алуы керек және арнаулы насостар орнатуға тиісті. Нан-бөлке және сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар секілді мекемелер  ауыз суды ешқандай рұқсатсыз пайдалана алады. Егер кәсіпорын бетон шығарып, көлік жуумен айналысатын болса, олар өздерінің қажеттіліктері үшін техникалық суды пайдалануға тиісті. Бізде шамамен 50 көлік жуатын орын бар, олардың барлығы да машиналарды ауыз сумен жуады. Солайша олар Су кодексінің таза суды өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға тыйым салатын 72-бабын бұзып отыр.

АВТОЦИСТЕРНАЛАР - КЕШЕГІ КҮННІҢ ЕСТЕЛІГІ

Б.Қуановтың пікірінше, бұл жағдайдан шығудың үш жолы бар екен. Біріншісі-өнеркәсіпті кәсіпорындар өз аумақтарына ыдыстар орнатып, суды автоцистерналармен тасуына болады. Екінші- насостар орнатып, арнаулы рұқсаттарын алып, суды тікелей өзеннен алуына болады. Үшінші-биліктегілер кәсіпорындар қолдану үшін техникалық суға арналған арнаулы су құбырларын салуға тиісті.  Кәсіпкерлер бірінші және екінші нұсқадан бірден бас тартты: насосты стансалар орналасқан өзен жағалаулары қаланың келбетін бұзады, ал автоцистерналар кешегі күннің ісі. Кәсіпкерлерді заңның шыққанына қанша уақыт болғанымен, ол мәселенің тек бүгінгі күні ғана еске түсіп, бой көтеріп отырғандығы таңдандырды.  Белгілі болғанындай, өз кезінде биліктегілер өкілетті органдармен кәсіпкерлерге ауыз суды техникалық мақсатта қолдануға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойған болатын. Өткен жылы меморандум мерзімі бітті. «Атырау су арнасының» ұстанымын Левон ОВСЕПЯН жария етті. Оның айтуынша, кәсіпорынның қуаттылығы өсіп келе жатқан қаланы сумен қанағаттандыруға жетпейді екен. Жаңа стансаларды іске қосу жағдайды түбегейлі өзгерте алмады. Техникалық суға арналған арнаулы желі бізде жоқ. Тек суару құбырлары ғана бар, ал, олардың өзі тек жазғы мезгілде ғана жұмыс істейді. АМӨЗ өз аумағында су үшін техникалық желіні тартты және оны үздіксіз қолданып келеді. «Суды үнемдеуге айналмалы сумен жабдықтау көмектеседі, ондай қондырғыны орнату бір вакуум суды бірнеше рет қолдануға мүмкіндік береді»,-деген пікірін Л.Овсепян кәсіпкерлерге ұсынды.

Барлық кәсіпкерлер ауыз суды машина жуу және бетонды шығаруға жұмсаудың табиғат ресурстарын ысырап ету дегенмен келіседі. Оның үстіне, биліктегілердің бұл мәселені шешу үшін меморандумға қол қойылған кезеңнен басталған уақытты неліктен қолданбағандары түсініксіз. Олардың пікірінше, кез келген жағдайда бұл проблеманы шешуді әкімдіктің алдына қою уақыты жетті. Ал, билік уақытша болса да меморандум мерзімін ұзартуға тиісті, олай етпейінше, көлік жуу иелері тығырықтан шыға алмай қалады. «Кәсіпорын ашу барысында олардың иелері түрлі органдарды- әкімдіктің, СЭС-тің, экологияның және басқа органдардың келісімін алуға міндетті. Неліктен өкілетті органдар келісімін бергенге дейін су кодексінің сақталуы кәсіпорын иелерінен талап етілмеді?»,-деп сауал қойды облыстың кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер Одағының директоры Нина ТЕМІРБАЕВА. Дегенмен, «Атырау су арнасы» барлық өнеркәсіпті кәсіпорындарға ауыз суды өнеркәсіптік мақсатта қолдануға құқылары жоқ екендігі туралы хабарламаны таратты. «Атырау су арнасында» бұдан басқаша әрекетке баруға негіз жоқ. Негізсіз рұқсат беру жағдайында біз оларға айыппұл сала алмаймыз»,-дейді Бисен Қуанов.

ЕРЕЖЕ БОЙЫНША НАСОС

«Атырау су арнасы» мен кәсіпкерлер арасындағы екінші бір даулы мәселе бұл насосты қондырғыларға қатысты. Жұмыс берушілердің пікірінше, насостарды орнату және оның өнімділігі міндетті түрде «Атырау су арнасымен» келісулі болуы тиіс. «Көпшілігі тыйым салынған ағын үзілуі жоқ насостарды орнатады. ҚР 2006 жылғы 401-41 Санитарлық нормалар және ережелеріне сәйкесті су құбыры желісінің сыртындағы қысымы барысында 05 атмосферадан кем болмаған жағдайда насос қондырғысының алдына сыйымдылығын арнаулы есептеу әдісімен анықталатын қабылдау резервуарын орнату керек»,-деп атап өтті Л.Овсепян. Барлық проблеманың түйіні кәсіпорындардың ешқандай жинақтаушысыз насостарды орнатуынан болып отыр. Жинауышы бар резервуар, мамандардың айтуынша, жүйеде болатын гидравликалық соққылардан қашуға мүмкіндік береді екен. Оның үстіне, жұмыс беруші дәл осы уақытта насостарды батыл алып тастауға болатындығына сенімді. Жаңа стансаларды енгізу облыс орталығындағы су қысымын қалыпқа келтіруге мүмкіндік берді. Бұл пікірмен барлық қатысушылар келісті, алайда, жұмыс берушінің талабын қаперге алды.

 Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген В.Истомин

2 наурыз 2011, 23:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.