Атырау, 9 қараша 18:42
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Рұқсат беруші құжаттардан бас тартуға әзір

3 153 просмотра

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлар бойынша кәсіпкерлерге рұқсат беретін құжаттар санын 50 пайызға қысқартты деген ақпарат жылдың басында-ақ айтыла бастаған еді.

Алайда, ТЖ келісімінің енді қайда талап етілмейтіндігін жұртшылық білмеген күйінде қалып еді. Атырау облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Анар ТӨРЕҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, департамент рұқсат беретін құжаттар санын 102-ден 57-ге дейін қысқарту туралы ұсыныс енгізген болатын. Өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік және азаматтық қорғаныс саласына кіретін 45 құжатты алып тастады. «Бүгінгі күні ҚР үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет тізілімін бекіту туралы» қаулысының жобасы жасақталды. Қазір жоба соған мүдделі мемлекеттік органдардың  мақұлдауына жіберілді. Жобаға қол қойылғаннан кейін ғана ТЖ министрлігі рұқсат беретін құжаттар беру жөніндегі мемлекеттік қызмет стандарттарын бекітетін болады. Біз, ТЖ аумақтық органы ретінде рұқсат беру құжаттарының бөлігін өз бетімізше алып тастай алмаймыз»,-дейді Анар Төреғалиева. Айтпақшы, осы мәселеге қатысты ТЖ департаменті облыстық әкімдікпен меморандумға қол қоюды жоспарлаған еді, бірақ, қаулының кешіктірілуіне байланысты меморандумға қатысты жұмыстар тоқтатылды.Зульфия ИСКАЛИЕВА   

2 наурыз 2011, 23:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.