Атырау, 23 желтоқсан 10:57
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Әскерилер әңгімелесуге шақырды

3 207 просмотра

Таяу күндердің ішінде Атырау облысының барлық 1993 жылғы туған бозбалалары әскери комиссариатқа әңгімелесуге шақырту алды. «Біз сіздерді қызметке алып кетпейміз, жай ғана әңгімелесеміз!», - дейді әскерилер».

«Әңгіме еш мәжбүрлеусіз өтеді. Бұл жердегі әскерилердің негізгі міндеті-болашақ Отан қорғаушының мінез-құлық ерекшеліктерін тану болып табылады,- деп нақтылайды Атырау қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Аслан МҰХАМБЕТӘЛИЕВ. – Біз олармен әңгімелесеміз де оларға дәрігерлік тексеруден өтуге жолдама береміз, ал, наурыз айынан бастап-ақ, ресми шақыртулар басталады».

Қалалық әскери комиссариаттың мәліметтері бойынша, көктемгі әскерге шақырту екі мыңнан астам адамды қамтиды. Алдағы болар әңгімеде әскерилер тек әскерге қабылданушының психологиялық жағдайын ғана түсіндіріп қоймайды, оның мәртебесі туралы да ақпараттарды береді. Мәселен, ол зейнеткерлердің жалғыз ұлы болса немесе үйленген және балалары болатын болса, онда оның әскери қызметке бармауына заңды құқығы бар. Бір қызығы, мұндай құқық кәсіби белгілері бар селолық мектеп мұғалімдерінде де бар. Жоғары білім алып жатқан студенттер оқу біткенге дейін әскери борышын өтеуді кейінге қалдыра тұрады. Ал, басқа қалған бозбалалардың әскерге бару-бармауын дәрігерлік комиссия шешеді. «Бізге салмағы аз және денсаулығы жоқ адамдардың қажеттілігі шамалы»,-дейді сөзін аяқтаған А.Мұхамбетәлиев.  

Анастасия ПАСТУХОВА

24 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.