Атырау, 23 желтоқсан 10:07
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бір түнде үш сәби көз жұмды

3 954 просмотра

19-шы ақпанға қараған түні Атырауда бірден үш кішкентай сәби өлімі тіркелді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ мәліметінше, сағат 22.45-те Курилкино ауылында үш айлық қыз бала қайтыс болған. Он минуттан кейін Геологта 2008 жылы туылған ер баланың өлімі тіркеліпті. Ал бес минуттан кейін сағат 23.00-де Атырау қаласында 2009 жылы туылған ер бала көз жұмған. Жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Мақсот ЕСЕЕВТІҢ айтуынша, «03» қызметі тек Курилкинодағы қыздың өлімін тіркеген. «Кезекші дәрігер оны «кенеттен өлу синдромы» деп тіркеді. Ол бір жасқа дейінгі сәбиде кездеседі. Басқа қайтыс болған балаларға сол күні жедел жәрдемді шақырмаған», - деп атап өтті ол. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Дина КАМЕЛОВАНЫҢ Курилкинодағы өлім туралы ақпараты өзгешелеу боп шықты. Оның айтуынша, қыз бала механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болған. Яғни, сүтке шашалып, тұншығып қалған. Геологтағы сәби балалардың церебралды сал ауруының ауыр түрімен ауырған екен. Ал үшінші сәбидің өлімінің себебін анықтау мүмкін болмады – бұл ақпаратты тіпті облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар да білмейтін боп шықты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.