Атырау, 24 желтоқсан 19:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Теңіздегі кісі өлімі

5 019 просмотра

Бейресми ақпарат көздерінен белгілі болғандай, 7 наурызда «ТШО» ЖШС мен мердігер компаниялары қызметкерлері тұрып жатқан «Шаңырақ» вахталық поселкесінде (суретте) «ЮСС Суппорт Сервисез» жүргізушісі өз өзіне қол жұмсаған.

Ақпарат көздерінен белгілі болғандай, шамамен 60 жастағы марқұм А.СҮЛЕЙМЕНОВ басшылықпен әңгімелескеннен кейін бірден өзіне қол жұмсаған. Әңгіме кезінде басшылық ол жүргізетін автобустың бүлінгендігі туралы фактіні жасырғаны үшін оны жұмыстан босатамыз деп хабарлаған. Содан кейін ол жатақханадағы өз бөлмесіне келіп, асылып қалған.

- Ол бар болғаны жол белгісін кездейсоқ жанап өткен, автобус айтарлықтай бүлінбеген. Бұл жұмыстан босатуға болмайтын кездейсоқтық, - деп есептейді марқұмның әріптестері.

Жылыой АІІД бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВ «ЮСС Суппорт Сервисез» қызметкерінің өз өзіне қол жұмсау фактісін растады. Ол сондай-ақ, кісі өлімі туралы хабарлама Теңіз поселкесіндегі жедел топ бөлімшесінен 7-ші наурыз күні кешкісін түскен. Іс материалдары бөлімшеге тіркелген, ал Теңізге сол күні кешке жедел топ жеткен. Қазіргі уақытта кісі өліміне қатысты мән-жай анықталуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, зорлық-зомбылық болмаған, ол адамның өзі асылып қалған.

Сәрсенбі күні, 9-шы наурызда «Юрест Саппорт Сервисез» ЖШС бас директоры Рон КУЛКАРНИ газетімізге түсініктеме берген еді:

- «ЮСС  Саппорт Сервисез» ЖШС басшылығы 7-ші наурызда бұрын өз еркімен жұмыстан шыққан Амангелді Сүлейменовтің өз өзіне қол жұмсағандығын растайды. Біз оның отбасына, достары мен әріптестеріне орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл білдіреміз. Осы факті бойынша полиция тергеу жүргізуде және бұған әрі қарай түсінік беру орынсыз болар еді.

Марқұмның әріптестері ол адамның жұмыстан кету туралы арызды мәжбүрлі түрде жазған және ол қатты уайымдаған деп есептейді.

8 наурыз күні кешкісін жүргізушілер тобы компания әкімшілігімен кездесуді қолға алыпты. Жиналыс қорытындысы туралы кейінірек хабарлайтын боламыз.

Естеріңізге салайық, өткен жылы «ЮСС Суппорт Сервисез» компаниясының көлік бөлімінің қызметкерлері «АЖ»-ға қазақстандық жұмысшыларды алалайтындығы туралы шағымданған болатын.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

9 наурыз 2011, 19:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.