Атырау, 23 желтоқсан 11:10
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Индерліктер жылыойлықтардан 870 есе кем «өндіреді»

2 852 просмотра

Өткен жылдан бері үкімет әкімдердің жұмысын 45 көрсеткіштен тұратын рейтинг бойынша бағалап келеді. Қалалық және аудан әкімдері 20 көрсеткіш бойынша бағаланады. Өткен аптаның ішінде облыстық әкімдікте 2010 жылдың рейтингісінің қорытындысын шығарды.

Рейтингті өнеркәсіптік даму көрсеткіштері ашып отыр. Көзге бірден жіктелу түседі: егер мұнайлы Жылыой ауданында өндірістік өнім жан басына шаққанда 38 млн. теңгеден келсе, ал, Индер ауданында ол-43 мың. Айырмашылығы-870 есе болып отыр. Облыс бойынша орташа есеппен алғанда бұл көрсеткіш аз, бар-жоғы 5816 теңге. Алайда, 721 теңге құрайтын республикалық көрсеткішпен  салыстырғанда айтарлықтай жоғары.   

Күткеніміздей, рейтингтің басқа негізгі тармақтары бойынша көш басында Атырау қаласы мен Жылыой ауданы. Бұл жерлерде жан басына шаққанда инвестициялар көп тартылады және салықтар басым болады.

Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша көшбасшылар үштігіне Атырау қаласы, Жылыой және Махамбет аудандары енді. Рейтингтің бұл көрсеткіші бойынша соңғы орындар Мақат пен Құрманғазы аудандарының еншісінде.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

2 наурыз 2011, 23:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.