Атырау, 23 желтоқсан 15:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жерден таяқ жеп, ауруханаға түскендер бар

3 217 просмотра

Облыстық аурухананың травмотологиялық қосынына түрлі сынған, шыққан және созылған жарақаттары бар көптеген қалалықтар түсіп жатыр.

Егер орталық көшелерді тазалап, тұзды ерітінділер төгіп жатқан болса, тұйық көшелер мен аулаларда халық ағаштан түскен алмадай құлап жатыр. Тайып құлап, сынған не шыққандардың травмотологиялық қосынға баратыны түсінікті. Алайда, біздің адамдарымыз «боевик» кинолардың кейіпкерлері секілді иық сүйгінің сынғанына және қолының жұмыс істемейтіндігіне, миының  шайқалғандығына қарамастан дәрігерге барудың орнына, ұрысқа аттанғандай  жұмыстарына  кетіп бара жатады. Бұдан басқа, травмотологиялық қосын меңгерушісі Асхат БИСЕНҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, тайып жығылып, бір жерлерін шығарып алғандар емдеудің кепілдіксіз нәтижесін беретін халық емшілеріне жүгінеді. Қаңтар айынан бастап травмотологиялық қосынға 204 адам келген. Тайғақ салдарынан Атырау көшелерінде жол апатының саны да артты. Травмотологиялық қосынның мәліметтері бойынша одан 233 адам зардап шеккен.

Анастасия ПАСТУХОВА

9 наурыз 2011, 20:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.