Атырау, 11 желтоқсан 11:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Пайыздық мөлшерлемені әкімнен сұраңыздар

3 334 просмотра

 

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағытының аясында мемлекет ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсететін болады. Ауылдықтар шағын несиелерді қолдана алмақ.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, Атырау облысына осы мақсатта республикалық бюджеттен 221 млн. теңге бөлінген.

- Шағын несиелер 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі және үш миллион теңгеден аспайды. Бүгінде олардың тізімінде жұмыссыздар, өз беттерімен еңбек етушілер және аз қамтылғандар қатарында 212 үміткер бар, - дейді Г. Аманғалиева. – Осы бағдарлама бойынша несие алушылар алған қаржылар оның өз меншігіндегі бизнесін ұйымдастыруға және кеңейтуге ғана жұмсалатындығын атап өткен жөн. Алынған қаржылардың пайдаланылуына арнайы комиссия бақылау жасайтын болады.

Шағын несие алар алдында барлық несие алушылар кәсіпкерлік негіздері бойынша айлық курстан өтулері тиіс. Оны облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұйымдастырмақ.

Шағын несиелеу мекемелерін таңдауды облыс әкімі конкурстық негізде өкілетті органмен бірге жүзеге асырмақ. Әкімдер, сондай-ақ, жоғарғы пайыздық мөлшерлемені өздері бекітетін болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

9 наурыз 2011, 21:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.