Атырау, 6 желтоқсан 13:17
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Басқа жаңалықтар

Митингіге қаланың сыртына шық Басқа жаңалықтар

Митингіге қаланың сыртына шық

5 ақпанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар «Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және  демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу» шешімін бір ауыздан бекітті. Қатысушылар атап өткендей, реттеу тәртібіне өзгерістер депутаттардың  бастамашылық ұсынысымен  енгізілді. 5 ақпан 2020, 17:38 3 317 рет қаралды
Атырауда отбасы үй тонаушыларға тойтарыс берді Басқа жаңалықтар

Атырауда отбасы үй тонаушыларға тойтарыс берді

Әлеуметтік желілерде Атыраудың Нұрсая ықшамауданындағы сәтсіз аяқталған пәтер тонау туралы бейнежазба тарап кетті. Бастарын бүркеп алған екі қаскүнем есігін ашып, пәтеріне аяқ басқан әйелмен бірге кіріп, бірақ сол бойда пәтерден үй иесінің соққысынан кері шығады, ол аздай үй иесіне екі әйел қосылып ұрып жатыр. Кіреберіс алаңындағы шайқас тонаушылардың біреуінің қашуымен, ал кейін екінші қылмыскердің де құтылып кетуімен аяқталады. Бейнежазба 5 ақпан 2020, 13:49 3 488 рет қаралды
Атыраулық альпинист: «Килиманджаро шыңында тұрып, бақыттан көзіме жас келді» Басқа жаңалықтар

Атыраулық альпинист: «Килиманджаро шыңында тұрып, бақыттан көзіме жас келді»

Әсет өзін әуесқой тауға өрмелеуші деп атайды. Ол Килиманджаро, Айленд пик, Хан-Тәңірі, Казбек, қысқы Эльбрус, Манаслу шыңдарын бағындырса,  қысқы Монблан, Мрамор Қабырғасы және Лхоцзе  сілемдеріне сапары сәтсіз аяқталды. Әсет жұмыстан қолы босаған сәтте Тұйық су шатқалында жаттығу жасайды және Алматыда Banff тау киносы халықаралық фестивалін ұйымдастырушылардың бірі. Қазір ол Алматыда тұрады және сонда жұмыс істейді. Әсет Атыраудың тумасы, Драма театрдың маңында тұрды, №17 мектеп-лицейді аяқтады.  Мәскеуге оқуға түсті, кейін Норвегияға кетті. Міне сол жерде оның тауға деген қызығушылығы басталды. 4 ақпан 2020, 17:42 5 449 рет қаралды
Қағаз соңында жүргенде балық бұзылады Басқа жаңалықтар

Қағаз соңында жүргенде балық бұзылады

Атырау облысының балық аулау кәсіпорындары өз өнімдерін шетелге экспорттау үшін тауарларының шығу тегі жөнінде СТ-1 сертификаты қажет деген талапты жоюды сұрайды. Балық аулау саласының өкілдері Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде кезекті балық аулау маусымындағы өзекті мәселені талқылады. 5 ақпан 2020, 11:42 4 948 рет қаралды
«Субсидия жоқ, қалтамыздан төлейміз» Басқа жаңалықтар

«Субсидия жоқ, қалтамыздан төлейміз»

Бақсай каналының бойында отырған Исатай (15) мен Махамбет (2)  аудандарының 17 шаруа қожалығы көптеген жылдар бойы көлтөбандарға су шығарып, мал өрісін құнарландырып, әрі қажетті мал азығын өздері дайындап алуға тырысатын. Бұған дейін суды тұтыну төлемінің 25 пайызын шаруалар өз қалтасынан, ал 75 пайызын үкімет субсидия арқылы өтейтін. Бірақ өткен жылы үкімет субсидияға ақша бөлмей, қалған соманы шаруалар толық төлеуге мәжбүр болып отыр. 5 ақпан 2020, 10:49 3 365 рет қаралды
Мемлекеттік сатып алудағы "майлы жілік" Басқа жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алудағы "майлы жілік"

Атырау облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мемлекеттік сатып алу бойынша жүргізген мониторингі барысында 43 736 бағаны көтеру фактісін анықтады. Атап айтқанда, құрылыс басқармасында осындай 3 038 факті, білім басқармасы және оған қарасты ұйымдарда – 1 596, ішкі саясат басқармасында – 756, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында – 1 260, полиция департаментінде – 910. «АЖ» осы тізімдегі «көшбасшыға» назар аударды.  Қысқаша шолып өтейік.   5 ақпан 2020, 09:50 3 331 рет қаралды
Алимент төлеуден жалтарғанмен, жазадан құтыла алмады Басқа жаңалықтар

Алимент төлеуден жалтарғанмен, жазадан құтыла алмады

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша айыпталған Атырау тұрғыны Д.-ға қатысты үкім шығарды. 4 ақпан 2020, 20:25 2 889 рет қаралды
Жаңа газ өңдейтін зауыт салу бойынша қоғамдық тыңдау "тыныш" өтті Басқа жаңалықтар

Жаңа газ өңдейтін зауыт салу бойынша қоғамдық тыңдау "тыныш" өтті

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің Мақат ауданында (Атыраудан 60 шақырым) жаңа газ өңдеу зауыты құрылысының басталуы 2020 жылға жоспарланып отырғаны туралы хабарламасынан кейін көпшілікті неге қоғамдық тыңдау өткізілмеді деген сұрақ мазалады. Алайда бұл тыңдау Атырау облысы табиғат ресурстары басқармасының ұйымдастыруымен өткен жылдың 20 желтоқсанында Мақат кентінде өткізілген болып шықты. Әрі хабарландыру тек аудандық «Мақат тынысы» газетінде және ұйымдастырушының сайтында ғана жарияланған. Сондықтан көптеген қоғамдық, экологиялық белсенділер және БАҚ өкілдері хабарсыз қалып, тыңдауға қатыса алмаған, алайда бұл ұйымдастырушыларды қатты қынжылта қоймаған секілді. Енді тек хаттама мәліметтерімен ғана шектелуге тура келеді.   Сурет 4 ақпан 2020, 14:52 3 674 рет қаралды
Ақшаны тек жеке куәлік арқылы күндіз айырбастауға үлгеріңіз Басқа жаңалықтар

Ақшаны тек жеке куәлік арқылы күндіз айырбастауға үлгеріңіз

Биыл 1 ақпаннан бастап Қазақстанда айырбастау орындарында (кейбіреуін қоспағанда) бірыңғай жұмыс регламенті белгінленді: 9.00-ден 20.00-ге дейін. Енді шамалы ақшаны айырбастау үшін де жеке куәлік қажет. Бұл жаңадан енгізілген тәртіпке қатысты бірнеше сұрақтарға Ұлттық банктің Атырау филиалының валюталық операцияларды бақылау бөлімінің бастығы Арсен КӨБЕКОВ жауап берді. 4 ақпан 2020, 12:50 3 084 рет қаралды
«Үш алып» айналасындағы мұнай-сервистік толқулар Басқа жаңалықтар

«Үш алып» айналасындағы мұнай-сервистік толқулар

Қазақстанның  мұнай-газ саласының  «Үш алыбы» - ТШО, НКОК және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» (КПО) – тауар, жұмыс, қызмет (ТЖҚ) бойынша таяу жылдардағы сатып алулар тізімін жариялады. Бұл әрине, дұрыс. Алайда барлығымыз ірі тендерлерді негізінен  шетелдік компаниялардың ұтып алатынын білеміз. 2019 жылдың маусымында Атырауға келген сапарында президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ 2018 жылы осы үш оператордың ТЖҚ сатып алу көлемі бойынша Қазақстандағы шетелдік компаниялардың барлық ТЖҚ сатып алу көлеміінң бар-жоғы 34%-ын құрағанын атап өтті. Үш «алыптың» үлестік салмағын ескерер болсақ, бұл аз. Тоқаев сол кезде-ақ үкіметке операторлармен жұмыс жүргізуді және тендерлерде сатып алу шегін 20 миллион доллардан төмен белгілеуді тапсырған еді. Ал бүгін өкілетті орган сатып алулардың 20 млн доллардан жоғары тендерлерді бекітеді, ал одан төмен болса, оны операторлардың өздері шешеді. 4 ақпан 2020, 12:42 3 654 рет қаралды
Атырауда сары нөмірді әзірге ешкім алған жоқ Басқа жаңалықтар

Атырауда сары нөмірді әзірге ешкім алған жоқ

Кезекті митингтен үш күн өткеннен кейін  «АЖ» тілшісі арнайы ХҚКО-ға барып, шетелдік нөмірлі автокөлік иелерінің ешқайсысы әлі өз көлігін тіркемегенін және сары нөмір алмағанын білді. Кедендік әкімшілендіру басқармасы бөлімінің бастығы Рүстем ЖАЙЛАШЕВТЫҢ айтуынша, осы уақыт ішінде оларға 80-ге жуық адам тек кеңес алу үшін ғана жолыққан. Сурет 4 ақпан 2020, 12:18 3 277 рет қаралды
Атырау облысында электр энергиясы қымбаттады Басқа жаңалықтар

Атырау облысында электр энергиясы қымбаттады

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 1 ақпанда күшіне енген «Атырау Энергосату» ЖШС электр энергиясының тариф мөлшерін жариялады (бағалар ҚҚС есебінсіз көрсетілген). 4 ақпан 2020, 10:51 3 477 рет қаралды
Зейнетақы туралы бірнеше сұрақ-жауап Басқа жаңалықтар

Зейнетақы туралы бірнеше сұрақ-жауап

«АЖ» қоржынында зейнетақы жөнінде жинақталып қалған бірнеше сұрақтарды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Атырау  филиалы директорының орынбасары  Қарлығаш ЖАНСАРИЕВАҒА  жолдадық. 3 ақпан 2020, 17:47 5 735 рет қаралды
Полиция көлікжайының құпиясы Басқа жаңалықтар

Полиция көлікжайының құпиясы

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне арнайы автокөлік сатып алу ісінің ауқымы таң қалдырады: 2015 жылы департамент 53 патрульдік «Нива» және 7 «Газель» көлігін алды, екі жылдан кейін полицейлеріміздің автопаркі Nissan Almera және Shevrоlet маркалы 37 жаңа көлікпен толықты, тағы екі жылдан кейін – 2019 жылы олардың қатарына 54 «Нива» және 24 «Skoda Octavia» автокөліктері қосылды. Сонымен қатар, жақында облыс әкімдігінде өткен кеңесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі мониторинг бойынша соңғы жағдайда бағаны айтарлықтай көтергенін мәлімдеді. 3 ақпан 2020, 17:40 4 474 рет қаралды
Хабарландыру! Басқа жаңалықтар

Хабарландыру!

Сүйікті ұл, асыл жар, ардақты әке, қимас бауыр Кужеков Жасұлан Ғайнешұлының 7 күндік қадесі 8 ақпан күні өтетінін хабарлаймыз.  Өтетін орны: "Сұлтан Палас" мейрамханасы, Әбілхайыр хан даңғылы, 70.  Дұға мейрамханада оқылады.  Кужековтер әулеті 3 ақпан 2020, 11:39 3 941 рет қаралды
Есболда ауыл тұрғындарын ұрған полицейлердің соты басталды Басқа жаңалықтар

Есболда ауыл тұрғындарын ұрған полицейлердің соты басталды

Өткен жылдың маусым айында Индер ауданындағы Есбол ауылында полиция жүргізуші куәлігі жоқ жергілікті тұрғын мен оның досын ұстап, арнайы құралдар – сойыл, электршокер және көз жасаурататын газ пайдаланған. Кейін ұсталғандарды әкімдікте орналасқан учаскелік инспектордың бөлмесіне алып барғанда полицейлердің қатал әрекеттері мен заңсыздықтарына күйінген елуден аса есболдық арттарынан осы жерге келеді. Наразы жұртқа ақсақалдар мен ауыл әкімі басу айтқанымен, адамдар тек ұсталғандар босағаннан кейін ғана тарады. Міне, енді осы іс бойынша аудандық полиция бөлімінің екі офицерінің үстінен билігін асыра пайдаланғаны үшін (ҚР ҚК-ның 362-бабы) сот процесі басталды. 2 ақпан 2020, 23:23 6 216 рет қаралды
«Атыраудың базарындағы барлық ет үш күн тоңазытқышта сақталады» Басқа жаңалықтар

«Атыраудың базарындағы барлық ет үш күн тоңазытқышта сақталады»

Ауылшаруашылық министрлігінде кеңейтілген кеңес өтті, онда ұрғашы малды шетелге шығаруға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылданды, - деп хабарлады брифингте Атырау облысы ветеринария басқармасының басшысы Азамат АЙТҚАЛИЕВ (суретте). Бұған мал басын сақтап қалуды көздеген малшылардың өтініші себеп болды. 2 ақпан 2020, 08:01 4 516 рет қаралды
Көлік иелерінің митингісі: «Біз ештеңе төлемейміз және бізге сары нөмірдің керегі жоқ!»   Басқа жаңалықтар

Көлік иелерінің митингісі: «Біз ештеңе төлемейміз және бізге сары нөмірдің керегі жоқ!»

Кеше, 31 қаңтарда Атырауда облыстық әкімдік алдындағы алаңға шетелдік нөмірлі автокөлік иелері тағы да жиналды. Олар шетелден алып келген көліктерін тегін тіркеуді талап етумен қатар уақытша нөмір алудан бас тартатындарын мәлімдеді. Сурет Бейнежазба 1 ақпан 2020, 12:47 6 510 рет қаралды
Жаңа туған нәрестені өлтіру туралы істі тергеу аяқталды Басқа жаңалықтар

Жаңа туған нәрестені өлтіру туралы істі тергеу аяқталды

Нұр-сұлтан қаласында өткен алқалы жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик ШПЕКБАЕВ  жаңа туған нәрестені өлтіру бойынша тергеу кезінде денсаулық сақтау мекемелерінде жүйелі кемшіліктердің анықталғанын мәлімдеді. 31 қаңтар 2020, 22:15 3 187 рет қаралды
 Атыраудан жүктілігі ауыр екі әйел ұшақпен елордаға жеткізілді Басқа жаңалықтар

Атыраудан жүктілігі ауыр екі әйел ұшақпен елордаға жеткізілді

29 қаңтарда санавиация Атыраудан Нұр-сұлтанға жүктілігі ауыр екі әйелді жеткізді. Енді олар Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында емделіп, жеңілденетін болады. Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан хабарлады. 31 қаңтар 2020, 21:48 3 247 рет қаралды
Атырауда 12 көппәтерлі үйдің құрылысы тоқтатылды Басқа жаңалықтар

Атырауда 12 көппәтерлі үйдің құрылысы тоқтатылды

Ревизиялық комиссия соңғы екі жылда Атырау қалалық құрылыс бөліміне бөлінген бюджет қаржысының қолданылуы бойынша аудит жүргізді. Аудит жалпы сомасы 50 млрд теңгеден аса бюджет қаржысын қамтыды, нәтижесінде 7,3 млрд теңге сома көлемінде заң бұзушылықтар анықталды. 31 қаңтар 2020, 16:16 6 237 рет қаралды