Атырау, 23 қараша 06:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңа әкім қаланы қоқыстан тазартпақ

3 815 просмотра


50 мыңға жуық қала тұрғыны қоқыс шығарғаны үшін ақы төлейді, ал Атырау халқының саны 300 мыңға жуық. Қала билігі «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің клиенттер базасын газ қызметі мен басқа да коммуналдық қызмет базасымен «байланыстыру» арқылы көбейтпекші.

Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВТЫҢ пікірінше, қазіргі уақытта қала құрылыс қоқыстарына толған. Оны құрылыс салушы фирмалар мен қала тұрғындарының өздері қалдырып кетеді. Әр жерде қоқыс үйінділері бар. Билік бұл мәселені құрылыс компанияларымен талқылаған, енді оны тұрғындармен шешу керек.

- Кәсіпорынның клиенттік базасында небары 50 мың абонент бар, ал сол газ компаниялары тұтынушыларының саны әлдеқайда көп. Олардың базасын «байланыстырып», осылайша «Арнаулы автобаза» абоненттерінің нақты санын көбейтеміз», - деді Қ. Оразбаев БАҚ өкілдерімен кездесуде. - Бұл жинайтын қаржыны көбейтуге және бұған қоса демеуқаржы арқылы «Арнаулы автобаза» технопаркінің жабдықталуын дамытуға мүмкіндік береді. Оларда қар тазалайтын техника, арнайы техника, шағын техникалар, шағын механизация құралдары жоққа жақын. Кәсіпорын қызметкерлері қаланы тазалауға белсене кіріседі, біздің өтінішіміз бойынша тіпті олар құрылыс қоқыстарын тегін шығарады. Алайда мұны жасауға міндетті емес. Оларға қаланың басқа кәсіпорындары көмектеседі. Биыл біздің алдымызда бүкіл қаланы қоқыстан тазарту міндеті тұр, әрі қарай тәртіпті сақтаймыз.

Естеріңізге салсақ, жақында «АЖ» көппәтерлі үйлерде қоқыс шығару үшін бір адамға айына 117 теңгеден 197 теңгеге, ал жеке секторда 126,18 теңгеден 214,56 теңгеге дейін көтерілгенін хабарлаған еді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 наурыз 2020, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.