Атырау, 23 маусым 22:29
 дождьВ Атырау +27.9
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59

Масамен күресуге екі есе аз ақша бөлінді

3 755 рет қаралды


2020 жылы қала бюджетінен қала көшелерін, үйлердің жертөлесін, су тоғандарын масадан улауға 65 млн теңге бөлінді. Салыстырып көрсек, 2019 жылы бұл сома екі есе көп болған – 127,255 млн.

Өткен жылдан тағы бір айырмашылығы – ол тендерді (ақпанда жарияланып, ұсыныстар қарастырылуда) ұтып алған мердігер  30 маусымға дейін тапсырылған жұмыстарды аяқтауы қажет. 1 шілдеден бастап бұл жұмыстар мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы іске асырылады, - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 наурыз 2020, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.