Емхана ауласындағы төбелесті сол жердегі куәгерлердің шақыртуымен келген полицейлер тоқтатып, қасқүнемді ұстады.
- Қазіргі кезде 30 жастағы күдіктіге қатысты 191-бабының 1-тармағы (Тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы бап бойынша жазалардың ауқымы кең – айыппұлдан бастап 4 жылға бас бостандығынан айыруға дейін жаза беріледі.