Атырау, 23 қараша 06:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жедел жәрдем сәбиді аман алып қалды

3 651 просмотра


4 наурызда Мақат ауылында 3 жасар бала септикке құлап кеткен. Әкесі баланы шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсеткенмен, жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болады.

- Әкесі баланы кәріз құдығынан өзі шығарып алып, есін жиғызуға тырысқан. Бірақ бұл әрекетінен ештеңе шықпайды. Шақырылған жедел жәрдем тобы дереу реанимация жасап, баланың тынысын қалпына келтірді, - дейді облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Наргиз БАЙМОЛДАЕВА.

Зардап шегуші Мақат аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер оның асқазанын және басқа ағзаларын бес сағат бойы тазартыпты. Қазіргі уақытта бүлдіршін сауығып келеді.

Фархат ӘБІЛОВ

7 наурыз 2020, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.