Қызылқоға ауданында малдағы бруцеллез ауруының негізгі ошағын әлі де жою мүмкін болмай тұр. Негізгі себептердің бірі - жергілікті мал иелері малға төленетін өтемақымен келіспегендіктен ауру малды жасырып қалады.
- Бүгінде аудан бойынша 2602 ірі қараның 39-ы, ал 3022 қой-ешкінің 16-сында бруцеллез ауруы анықталды. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда ауру саны төмендеп келеді. Адамдар арасында бұл дертпен ауырғандар тіркелген жоқ, ал 2018 жылы 14, 2019 жылы 6 адам жұқтырған еді, – дейді аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы Серікбай ЛАТИЕВ.
2020 жылдың алғашқы жарты жылдығында аудан бойынша 19800 ірі қара, 70 мың қой-ешкіден бруцеллезге қатысты тексеру жоспарлануда.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА