Атырау, 31 желтоқсан 16:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 502.57
€ 591.68
₽ 6.42

Барлық жаңалық

Қарағандының тәртіп сақшылары екі жалған полицейді қолға түсірді Қазақстанда

Қарағандының тәртіп сақшылары екі жалған полицейді қолға түсірді

Екі жалған полицей Шахтинск қаласының тұрғынынан есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатып береміз деп 1000 доллар талап еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 29 қаңтар 2020, 16:04 2 622 рет қаралды
АҚШ-тың денсаулық сақтау саласы мамандары Қытайды әріптестікке шақырды Әлемде

АҚШ-тың денсаулық сақтау саласы мамандары Қытайды әріптестікке шақырды

АҚШ-тың денсаулық сақтау саласы мамандары қауіпті вируспен күресіп жатқан Пекинді ашықтыққа және әріптестікке шақырды. Қытайда коронавирус жылдам тарап барады. Соңғы дерек бойынша, коронавирустан көз жұмғандар саны 132-ге жетті, оны жұқтырғандар саны 6000-ға жуықтады. 29 қаңтар 2020, 15:25 2 397 рет қаралды
Жаңаөзендіктер 2011 жылы ереуіл кезіндегі "халыққа оқ ату ісін" қайта тергеуді талап етті Қазақстанда

Жаңаөзендіктер 2011 жылы ереуіл кезіндегі "халыққа оқ ату ісін" қайта тергеуді талап етті

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы тұрғындары Қазақстан президентіне хат жолдап, 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде мұнайшылардың бейбіт ереуілі кезінде халыққа оқ атуға бұйрық берген лауазымды тұлғаны анықтауды талап етті. Хатқа Жаңаөзен оқиғасынан соң полиция атқан оқтан туыстарынан айырылғандар, жараланғандар, мүгедек болып қалғандар, жазықсыз қамалғандар мен қамауда зорлық-зомбылық көрдік деген қала тұрғындары мен мұнайшылар жалпы саны жүзге тарта адам қол қойған. 29 қаңтар 2020, 15:00 2 679 рет қаралды
​Шуда коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі қытайлық пойыздан түсірілді Қазақстанда

​Шуда коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі қытайлық пойыздан түсірілді

Шу теміржол станциясында коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі Қытай азаматын пойыздан түсіріліп, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін, екі жолаушының дені сау екені анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шу қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 29 қаңтар 2020, 14:36 3 551 рет қаралды
Атыраудың бас санитарлық дәрігері: «Біз перинатальдық орталықта күні-түні тексеру жүргіздік» Басқа жаңалықтар

Атыраудың бас санитарлық дәрігері: «Біз перинатальдық орталықта күні-түні тексеру жүргіздік»

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары өткен жылдың басында-ақ облыстық перинатальдық орталықта бірқатар заң бұзушылықтар анықтаған еді, алайда кемшіліктерді жоюға тек бірнеше талап арыздардан кейін ғана қол жеткізілді. Бұл туралы брифингте облыстық тауар және қызмет қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ хабарлады. 29 қаңтар 2020, 12:48 2 832 рет қаралды
​«Ғасыр мәмілесі»: АҚШ Иерусалимді бөлу туралы құжатты жариялайды Әлемде

​«Ғасыр мәмілесі»: АҚШ Иерусалимді бөлу туралы құжатты жариялайды

Journal газеті хабарлауынша, жақын арада Ақ үй Палестина-Израиль шиеленісін реттеу жоспарын ұсынбақ. Құжат бойынша тараптар жылдар бойы таласқа түскен аймақтарды өзара бөліп алуы тиіс.  29 қаңтар 2020, 12:45 2 754 рет қаралды
Атырауда туыстарымен бірігіп «адамды бөлшектеген» қылмыстық іс бойынша үкім шықты Оқиға

Атырауда туыстарымен бірігіп «адамды бөлшектеген» қылмыстық іс бойынша үкім шықты

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осыдан жеті жыл бұрын өз күйеуін өлтіріп, кейін мүрдесін туысқандарының көмегімен бөлшектеп, көміп тастаған әйелге қатысты іс бойынша үкім шықты. 29 қаңтар 2020, 10:42 5 790 рет қаралды
Ауылдастарының қорасына қасақана от салған Оқиға

Ауылдастарының қорасына қасақана от салған

Өткен жылдың күзінде «АЖ» Индер ауданы Көктоғай ауылында 7 үйдің мал қорасы мен қыстық шөптері өртенгені туралы жазды. Тұрғындар біреулер әдейі от салған деп болжам жасайды. Ал полиция қызметкерлері қасақана өртеу мүмкін емес деп пікір айтқан. Полиция істің мән-жайын әлі анықтаған жоқ. Дәл осындай оқиға Махамбет ауданы Таңдай ауылында да бірнеше рет болған, бірақ мұнда қылмыстың ізі табылды. 29 қаңтар 2020, 10:40 4 940 рет қаралды
"Зәреміз ұшты": Қазақстан Қытайдан туристердің алғашқы легін әкелді Қазақстанда

"Зәреміз ұшты": Қазақстан Қытайдан туристердің алғашқы легін әкелді

Қытайдың Хайнань аралындағы қазақстандық туристер мінген алғашқы рейс Алматыға келді. Sputnik Қазақстан тілшілері оларды әуежайда қарсы алды. Жолаушылардың барлығы дерлік бетперде киген. Сурет 29 қаңтар 2020, 10:29 2 928 рет қаралды
​Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 132-ге жетті Әлемде

​Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 132-ге жетті

Қытайда коронавирусты жұқтырғандардың саны 5 974 адам болса, оның 132-сі қаза тапқан, - деп хабарлайды РИА Новости.  Ал кеше 4 515 адам вирус жұқтырып, 106 адам қаза тапқаны ресми түрде хабарланған.   29 қаңтар 2020, 10:22 2 205 рет қаралды
Гүлнара Каримованың Ұлыбританиядағы мүліктерінің тізімі жарияланды Әлемде

Гүлнара Каримованың Ұлыбританиядағы мүліктерінің тізімі жарияланды

Британдық The Times басылымы Гүлнара Каримованың Ұлыбританиядағы жылжымайтын мүліктерінің тізімін жариялады. Олар кәмпескеленуі мүмкін. Ұлыбританияның Ірі алаяқтықпен күрес бюросы (Serious Fraud Office) бастапқыда бұл ақпаратты Gazette басылымына берген. 29 қаңтар 2020, 10:15 2 293 рет қаралды
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті басшысы ұсталған кездегі түсірілген бейнежазба шықты Басқа жаңалықтар

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті басшысы ұсталған кездегі түсірілген бейнежазба шықты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сайтында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті басшысы ұсталған кездегі түсірілген бейнежазба жарияланды. Бейнежазба 29 қаңтар 2020, 10:08 4 695 рет қаралды
Атырауда қанішерлер өз құрбанын тірілей көмді Басқа жаңалықтар

Атырауда қанішерлер өз құрбанын тірілей көмді

 Атырау сотында ҚР ҚК 99-бабы 7-бөлімі, 5-тармағы («Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы аса қатыгездiкпен жасалған адам өлтіру») бойынша айыпталған  Ирина Хочунаева, Ринат Дүйсалиев, Никита Стеблюк, Герасим Еганян және  Даниил Балашовқа қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды. Олар адамды тірілей көмген – мұндай оқиға жергілікті қылмыс тарихында бұрын болып көрмеген. Бейнежазба 28 қаңтар 2020, 17:56 12 308 рет қаралды
"Атырау Су Арнасы": 2 миллиард айыппұлға 4 миллион қосылды Басқа жаңалықтар

"Атырау Су Арнасы": 2 миллиард айыппұлға 4 миллион қосылды

Қазір бар-жоғы белгісіз «Атырау Су Арнасы» КМК-ге тағы 1600 АЕК, яғни 4,2 млн. теңге айыппұл салынды. Бұл жолы «АСА»-ны Табиғи монополияларды реттеу департаменті  ренжітті.  Ол монополистерді Мемлекеттік тізілімнен алып тастау бойынша өтінішті уақытында бермегені үшін әкімшілік айыппұлмен жазаланды.   28 қаңтар 2020, 17:45 3 200 рет қаралды
​Министрлік шұғыл түрде 3 миллионнан аса маска сатып алып жатыр Қазақстанда

​Министрлік шұғыл түрде 3 миллионнан аса маска сатып алып жатыр

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі дереу 3 миллионнан аса түрлі медициналық маска сатып алып жатыр. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 28 қаңтар 2020, 16:47 3 429 рет қаралды
Қазақстан Ухан қаласынан 61 студентті елге қайтару үшін келіссөз жүргізуде Қазақстанда

Қазақстан Ухан қаласынан 61 студентті елге қайтару үшін келіссөз жүргізуде

Қазақстан Ухан қаласында білім алып жатқан 61 қазақстандық студентті елге қайтару үшін Қытай тарапынан келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  28 қаңтар 2020, 16:43 2 825 рет қаралды
«Бір литрі - 181 теңге»: « ҚазМұнайГаз» бензин бағасы туралы хабарламаға қатысты түсініктеме берді Басқа жаңалықтар

«Бір литрі - 181 теңге»: « ҚазМұнайГаз» бензин бағасы туралы хабарламаға қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде 24 қаңтар күні белгісімен "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС Бас директоры Н.Нұрлановтың қолы қойылған құжат пайда болды. Онда бензин мен дизель отынының бағасы көтерілгені туралы айтылады. 28 қаңтар 2020, 16:30 4 706 рет қаралды
Медициналық сақтандыру, донорлық және тегін дәрі-дәрмек туралы Басқа жаңалықтар

Медициналық сақтандыру, донорлық және тегін дәрі-дәрмек туралы

Жыл басынан бері міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру (МӘМС) жүйесі жұмысын бастады, алайда оның енгізілуі пациенттердің бірталай сауалын туғызды. Неге тек ХҚО арқылы ғана тіркелу керек, бұрынғыша емханаға жай ғана арыз жазуға болмай ма? Неліктен балаларға дәрілердің барлығы тегін берілмейді және неге рентген аяқ астынан ақылы болып кетті? Осы және басқа да сауалдарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Атырау филиалының ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы Алмас КӘРІМЖАНОВ жауап береді. 28 қаңтар 2020, 15:55 3 433 рет қаралды
Росгвардия жайлы зерттеуін сайттан алмаған Навальныйға айыппұл салынды Әлемде

Росгвардия жайлы зерттеуін сайттан алмаған Навальныйға айыппұл салынды

Мәскеудің бітім соты жемқорлықпен күрес қорының негізін салушы, Ресей оппозицинері Алексей Навальныйға Росгвардияға азық-түлікті сатып алатындар туралы зерттеуін жоймағаны және ондағы деректерді теріске шығарудан бас тартқаны үшін бес мың рубль айып салды. Айыппұл туралы Мәскеудің бітім сотының сайтына шыққан ақпаратқа "МБХ медиа" назар аударды. 28 қаңтар 2020, 15:54 2 014 рет қаралды