Атырау, 26 қараша 04:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Hertz компаниясы коронавирустың кесірінен банкротқа ұшырады

2 931 просмотра

Әлемде көліктерді жалға берумен айналысатын Hertz компаниясы банкротқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ірі бірлестіктің күйреуіне коронавирус пандемиясы әсер еткен. Індеттен тұтынушылар қарасы күрт төмендеп, шығынға батқан. Қазір жиналған қарызды қайта құрылымдау ісі басталды. Дегенмен, компания кәсібін жалғастырып, халыққа қызмет көрсете беретінін мәлімдеді. 

Айта кетейік, Hertz компаниясы 1918 жылы құрылды. Ресми мәліметке қарағанда, компанияның осы күнге дейін әлем бойынша 12 мыңнан астам жалға беру орталығы мен 570 мыңға жуық көлігі болған.

25 мамыр 2020, 01:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.