Атырау, 16 қаңтар 02:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

ТЖ жоқ, бірақ түрлі нысандарға айыппұл салынуда

3 021 просмотра
Көрнекі сурет

Өткен аптада мобильді топтар санитарлық-дезинфекциялық режимнің сақталуына қатысты 1022 нысанды тексерді. Санитайзерлердің жоқтығы, қызметкерлер мен келушілерде масканың болмауы ең көп кездесетін кемшілік болып отыр.

- Санэпидемиологтардан, әкімдіктердің, полицияның және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен құралған мобильді топтар бизнес субъектілерін - 386 азық-түлік дүкені, 94 шаштараз, 88 дәріхана, 16 сауда үйі, 32 медициналық кабинет және т.б. тексерді. Бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, - дейді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ.

Егер кәсіпорын режимді бірінші рет бұзса, ескерту жасалады, қайтадан бұзған жағдайда сот арқылы әкімшілік жаза қолданылады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 мамыр 2020, 22:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.