Атырау, 29 наурыз 13:02
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырау облысында үш жасар қыз Covid-19 жұқтырды

3 516 просмотра

Кішкентай қыз бұрын коронавирус жұқтырған  Исатай ауданының тұрғынымен  жақын байланыста болған, деп хабарлайды Жедел штаб.

Өткен тәулік ішінде өңірде КВИ жұқтырудың 12 жаңа жағдайы тіркелді. Олардың арасында  Теңіз кенішінің 9 қызметкері  бар. Жұмысшыларда инфекцияның бар екендігі скринигтік тексеру кезінде анықталды.

- Сонымен қатар, қауіпті дертке шалдыққандар арасында Исатай ауданының  үш жасар тұрғыны, Атырау қаласының 24 жастағы тұрғыны және құлсарылық 53 жастағы ер адам бар, - дейді Жедел штаб.  

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті хаттамаға сәйкес ем жүргізіліп жатыр.  Ауру ошақтары мен байланыста болған адамдар да анықталу үстінде.

Бүгінде аймақта КВИ жұқтырғандар саны 891 адамға жетті. Ал, індеттен сауығып шыққандар саны - 226.

25 мамыр 2020, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.